
19.01.2023, Бухарест – Қазақстан Елшісі Нұрбах Рүстемовтың Румынияның Вице – Премьер-министр, Көлік және инфрақұрылым министрі Сорин Гриндеанумен кездесуінде көлік саласындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды.
Келіссөздер барысында тараптар Ақтау мен Констанца порттарын қосу, астаналар арасында тікелей әуе қатынасын ашу және Констанцада халықаралық логистикалық форум өткізу сияқты ұзақ мерзімді жобаларды жүзеге асыру бойынша алдын ала келісімге келді.
Атап айтқанда, Транскаспий халықаралық көлік бағытының әлеуетін ашу мақсатында жақын арада біздің елдеріміз арасындағы жүктерді жеткізуді жеңілдету жолдарын іздеу үшін логистикалық мәселелер бойынша көпжақты кездесу өткізудің өзектілігі баса айтылды.
Өз тарапынан С.Гриндеану Қазақстанмен өзара тиімді серіктестікті дамытуға дайын екенін, екіжақты жобаларға жан-жақты қолдау көрсетуге ниетті екенін жеткізді.