
17.01.2023, Бухарест – Қазақстанның Елшісі Нұрбах Рүстемов Румыния Сыртқы істер министрлігінің Стратегиялық істер жөніндегі Мемлекеттік хатшысы Юлиан Фотамен кездесу өткізіп, оның барысында тараптар 2023 жылға арналған іс-шаралар кестесін талқылады.
Келіссөздер барысында қазақстандық дипломат ҚР Үкіметінің Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес еуропалық бағыттағы экономикалық, сауда және инвестициялық байланыстарды нығайту жөніндегі жоспарлары туралы хабардар етті.
Сонымен қатар, Елші Рүстемов румыниялық әріптесін «Әділетті Қазақстанды» құру үшін еліміздің басшылығы жүргізіп жатқан маңызды реформалар туралы егжей-тегжейлі баяндады.
Өз кезегінде Мемлекеттік хатшы жоғары деңгейдегі сапарларды ұйымдастырудың, сондай-ақ энергетика және логистика мәселелері бойынша кеңейтілген келіссөздер жүргізудің өзектілігін атап өтті. Атап айтқанда, Румынияның және жалпы ЕО-ның сауда серіктесі ретіндегі Қазақстанның маңызды рөлі атап өтілді.
Тараптар өткен жылы 2 млрд. доллардан асатын тауар айналымының артқанын қанағаттанушылықпен атап өтті, сондай-ақ тауар айналымының құрылымын одан әрі әртараптандыру бойынша жұмыстарды жандандыруға келісті.
Әңгімелесу соңында сұхбаттасушылар ағымдағы жылға арналған экономикалық және мәдени шараларды өткізу жоспарлары туралы пікір алмасты.