
16.01.2023, Бухарест – бүгін Қазақстан Елшісі Нұрбах Рүстемов Румыния Президентінің кеңесшісі Люминица-Теодора Одобескумен кездесті.
Келіссөздер барысында тараптар достық пен өзара түсіністікке негізделген отыз жыл ішінде қол жеткізген қазақ-румын ынтымақтастығының деңгейін жоғары бағалады.
Президенттің кеңесшісі Румынияның әріптестікті одан әрі жандандыруға және экономикалық байланыстардың, әсіресе энергетика және логистика салаларындағы әлеуетін толық ашуға мүдделі екенін білдірді.
Әңгімелесушілер мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға өзара ниет білдірді. Атап айтқанда, Т.Одобеску Елшіліктің ағымдағы жылға жоспарланған бірқатар мәдени іс-шараларды өткізу жөніндегі бастамаларына қолдау білдірді.
Кездесудің жеке тақырыбы – Қазақстандағы ішкі саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайды, сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басты мақсаты «Әділетті Қазақстан» құру болып табылатын ауқымды реформаларды жүзеге асыруды талқылау болды.