2020 жылғы 27-29 ақпанда Қазақстанның Елшісі Н. Рүстемов екіжақты ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылау мақсатында Констанца (Румыния) қаласына жұмыс сапарымен барды.
Бұл ретте, 27 ақпанда Констанца округтің (Облысы) Мариус Хория Цуцуянумен кездесіп, аймақаралық ынтымақтастықты жолға қою мәселесіне ерекше назар аударды. Кездесу тек достық атмосферада өтіп, нәтижесінде тараптар мәдени ынтымақтастықты дамыту, оның ішінде туристік әлеуетті ашу мәселесінде бірқатар нақты келісімдерге қол жеткізді.
Сонымен бірге, Елші Кәсіпкерлер, өнеркәсіп, көлік және ауыл шаруашылығы палатасының басқарушы директоры И.Дануц Жуганарумен кездесті. Аталған кездесу аясында румын тарапы Палатаның қызметі туралы және Константадағы (аймақта) бизнес мүмкіндіктер туралы егжей-тегжейлі хабардар етті. Сондай-ақ, тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды дамыту перспективалары мен жолдарын талқылады.
Сонымен қатар, Н. Рүстемов Констанца қаласындағы «Овидий» университетінің ректоры Сорин Ругинамен кездесіп, оның барысында тараптар білім беру саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Өз кезегінде, Елші біздің мемлекеттер арасындағы байланыстарды одан әрі тереңдетуге және ілгерілетуге студенттердің маңызды рөлін атап өтті. Атап айтқанда, 2020 жылы Алтын Орданың 750 жылдығына арналған конференция өткізу туралы келісімге қол жеткізді.
28 ақпан 2020 ж. Н.Рүстемов «Констанца теңіз порты әкімшілігі» ұлттық компаниясының бас директоры Костел Станкамен кездесті. Констанца порты - Қара теңіздегі ең ірі порты болып табылады. Аталған кездесу аясында румындық тарап Порттың қызметі мен болашақтағы жобаларымен таныстырды.
Сапардың жалғасында, Констанца облысының префектісі Джердже-Серджиу Никулескумен және Констанца қаласының мэрі Дечебал Фэгэдэумен өткен сұхбат барысында екіжақты қатынастардың жай-күйі мен даму перспективалары, атап айтқанда мәдени-гуманитарлық аспект бойынша пікір алмасу өтті. Сонымен қатар, әңгімелесушілер аймақаралық ынтымақтастықты дамыту мәселесіне ерекше назар аударды.
Өз кезегінде, барлық өткізілген кездесулерде Елші азиялық және еуропалық нарықтарға еркін қол жеткізе алатын жоғары технологиялық және ірі румын компанияларын ҚР-ға инвестиция салуға шақырды. Сонымен қатар, әріптестерін Қазақстанның экономикалық дамуы және оның инвестициялық мүмкіндіктері туралы хабардар етті. Атап айтқанда, ЕАЭО, Орталық Азия, Батыс Қытай және Каспий теңізі елдері, сондай-ақ инвесторларды түрлі салық пен кедендік баждардан босататын арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар нарықтарын қоса алғанда, 500 млн-нан астам тұтынушыларға өңірлік нарыққа артықшылық бере отырып, транзиттік-экспорттық әлеуеттің артықшылықтары атап өтті. Заң үстемдігін және инвесторлардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету бойынша маңызды бастама болып табылатын "Астана" халықаралық қаржы орталығының рөлі ерекше атап өтті.