Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнінің 28 жылдығына орай 11-12 желтоқсанда Бухарестте Елшілікпен және "ҚМГ Интернейшнл" компаниясының қолдауымен ұйымдастырылған қазақ киносы күндерінің 5-ші шығарылымының ашылуы өтті.
Іс-шара аясында "Қазақ хандығы, Алтын тақ", режиссері Рүстем Әбдірашов пен режиссері Жаңабек Жетіруовтың "Шыңырау" атты қазақстандық кино өнерінің соңғы туындылары ұсынылды.
Елші Н. Рүстемов кинофестивальдің салтанатты ашылу рәсімінде өткізіліп отырған іс-шараның Қазақстан мен Румынияның мәдени-гуманитарлық байланыстарын нығайту мәнмәтінде маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, осындай іс-шараларды өткізу Қазақстанның бай тарихы мен мәдениетімен танысу үшін кезекті мүмкіндік беретіндігін, сондай-ақ біздің халықтарымыздың жақындасуына елеулі үлес қосатындығын баса айтты.
Қазақстандық режиссерлердің шығармалары атақты румындық кино сыншысы Маргарета Нестор тарапынан жоғары бағаға ие болғанын ерекше атап өткен жөн.
Бухарест қаласында жыл сайын өтетін қазақ киносының күндері жақсы дәстүрге айналды және көрермендердің көңілінен шығуда. Сондай-ақ, қазақ киносының күндері Бухарест, Констанца және Клуж қалаларында жыл сайынғы өткізу игі әдетке айналды, оның шеңберінде ҚР танымал кинорежиссерлерінің шығармалары көрсетілуде. Өткен жылдары Румынияның "TVR1" қоғамдық телевизиясының журналистері біздің еліміз туралы төрт деректі фильм, ал 2019 жылы "Travelmix" Қазақстанның туристік әлеуеті туралы фильм түсіргенін атап өтуге болады.