10 желтоқсанда Бухарестте Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 28-жылдығына орай ресми қабылдау ұйымдастырылды. Мерекелік іс-шараға танымал румын депутаттары, саяси қайраткерлер, іскерлік және академиялық қоғам, дипломатиялық корпус және халықаралық ұйымдар, БАҚ өкілдері, сондай-ақ болу елінде тұратын қазақстандық азаматтар мен студент жастар қатысты.
Өз сөзінде Қазақстан Елшісі Нұрбах Рүстемов тәуелсіздік жылдары Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан дербес, саяси және экономикалық егемендігі бар әлемнің беделді мемлекетіне айналғанын атап өтті.
Қазақстандық дипломат ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың елді терең саяси трансформация үрдісі бойынша бастамалары туралы жан-жақты айтып берді. Сонымен қатар, Елші Мемлекет басшысының бірінші Жолдауында айтылған қоғамдық-саяси салада өзгеріссіз, саяси ырықтандыру және азаматтық қоғаммен сұхбат орнатусыз тиімді экономикалық реформалар мүмкін еместігін қонақтардың назарын аударды.
Сонымен қатар, Елші Қазақстан мен Румыния арасында тауар айналымының жоғары деңгейі бар екенін атап өтті. 2019 жылдың 9 айында 1,337 млрд. АҚШ. Румыния Қазақстанның оңтүстік-шығыс Еуропадағы негізгі сауда серіктесі болып табылады.
Өз тарапынан, Румыния Сыртқы істер министрілігінің Мемлекеттік хатшысы Дэн Неколаеску барлық қазақстандықтарды Тәуелсіз Күнімен құттықтай отырып, елімізді Румынияның Орталық Азиядағы негізгі серіктесі деп атап өтті. Ол барлық салаларда екіжақты байланыстарды тереңдету бойынша батыл қадамдар жасау қажеттілігін баса айтты.
Іс-шара шеңберінде Қазақстанның атақты мәдениет қайраткерлері – Төлеген Мұхамеджанов, Нұржамал Үсенбаева, Нұржан Бажекенов, сондай-ақ белгілі румын теноры Калин Братескудің концерті ұйымдастырылып, олар бірлескен және жеке бағдарламалармен сахнаға шықты.
Сонымен бірге, ресми қабылдау барысында қонақтарға қазақстандық жас суретші Алуа Тебенованың көрмесі ұйымдастырылып, қазақ ұлттық тағамдарының мол түрлері және әлемге танымал алматылық «апорт» алмалары ұсынылды.