
Бухарест, 2022 жылғы 14 желтоқсан – Елші Нұрбах Рүстемов Қоршаған ортаны қорғау министрі Танцош Барна және Энергетика министрі Вирджил Попескумен кездесті.
Келіссөздер барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективалары мен алдағы жылға арналған өзара іс-қимыл жоспарлары туралы пікір алмасты.
Румын тарапы Қазақстан үкіметінің 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі міндеттері, жасыл сутегін өндіру жоспарлары және төмен көміртекті даму стратегиясын жүзеге асыру туралы хабардар болды.
Министр Т.Барна Румынияның «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасының қазақстандық бастамасына қосылатынын айтты.
Өз кезегінде министр В.Попеску энергетика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге қызығушылық танытты.
Сонымен бірге, екі министр де KMG International – Rompetrol компаниясының экологиялық және энергетикалық саладағы міндеттемелерін сақтаудың маңыздылығын атап өтті.