Румыниялық сарапшылар Қ.Тоқаевты сенімді жеңісімен құттықтап, «Жаңа Қазақстанды» қолдады

Румыниялық сарапшылар Қ.Тоқаевты сенімді жеңісімен құттықтап, «Жаңа Қазақстанды» қолдады

2022 жылғы 21 қараша, Бухарест қ. –  Бүгін Қазақстанның Румыниядағы Елшілігі, Таяу Шығыс саяси-экономикалық институты мен «Euro Defence Romania» талдау орталығымен бірлесіп «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды. Іс-шараға Парламент депутаттары, министрліктердің басшылығы мен Румынияның бұрынғы сыртқы істер министрлері, сондай-ақ болу елдің сарапшылар қауымдастығы мен БАҚ-тың кең ауқымды өкілдері қатысты.

Елші Нұрбах Рүстемов дөңгелек үстелге қатысушыларды ү.ж. 20 қарашасында өткен кезектен тыс президенттік сайлаудың алдын ала қорытындылары және Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеңісі туралы егжей-тегжейлі хабардар етіп, сондай-ақ Қазақстан басшылығының ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларды тиімді жүзеге асыруды жалғастыру ниетті екенін жеткізді. Атап айтқанда, Президент сайлауының қорытындылары ел үшін маңызды реформалардың кең қолдауын растап, жаңадан сайланған президентке «Әділ Қазақстан» құруды жалғастыру үшін жаңа мандат берілгені баса айтылды.

Өз кезегінде румын сарапшылары Қ.Тоқаевты құттықтап, оның сенімді жеңісінің арқасында саяси жаңаруға және еліміздің халқының әл-ауқатын арттыруға бағытталған ауқымды трансформациясының жалғасуына сенім білдірді.

Осылайша, Румыния Парламентінің депутаты Раду-Юлиан Молнар халықаралық аренадағы қазіргі жағдайға қарамастан, Қазақстан тұрақтылық пен өркендеу аралы болып қала беретінін атап өтті. «Президент Қ.Тоқаев бастаған реформалар мен жаңғыртудың арқасында Қазақстан бұдан да күшті мемлекет ретінде қайта туады», - деп айтты ол. Сонымен қатар, румын депутаты қазірдің өзінде қоғам дамуы мен саяси үдерісте жемісін беріп жатқан «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы туралы оң пікір білдірді.

Румынияның бұрынғы Сыртқы істер министрі Адриан Северин Қазақстан өзінің саяси бастамаларымен танымал екенін және бүкіл демократиялық әлем елімізде орын алып жатқан өзгерістерден көзін алмай отырғанын айтты. Оның пікірінше, Астана Орталық Азиядағы ең негізгі ойыншы және ол реформалар арқылы бүкіл аймақтағы өзгерістердің қозғалтқышы бола алады.

Бұл ретте Румынияның бұрынғы Сыртқы істер министрі Теодор Мелешкану Қазақстан брендінің, әсіресе Астананың дамыған инфрақұрылымы бар заманауи мегаполис және ірі халықаралық форумдарды өткізу орталығы ретінде жоғары танымалдылығына назар аударды.

Өз кезегінде Энергетика министрлігінің мемлекеттік хатшысы Джердже-Серджиу Никулеску сайлаудан кейін Қазақстан Румынияның маңызды сауда-экономикалық әріптесі болып қала беретінін атап өтті. «Біздің еліміз Қ.Тоқаевтың басшылығымен Қазақстанның жасыл экономикаға көшу және декорбанизацияны жүзеге асыру жөніндегі бастамаларын қолдайды», - деді ол.

Таяу Шығыс саяси-экономикалық институтының басшысы Флавиус Каба-Мария, Тоқаев ұзақ уақыт бойы халықаралық аренада үлкен беделге ие болған және оның соңғы сайлаудағы сенімді жеңісі оның халық пен саяси ортаның қолдауын растайтынын ескертіп өтті. Президент жалпыға танылған демократиялық құндылықтарды аймақтың жергілікті ерекшеліктерімен сәтті үйлестіруде. Қазақстан қазірдің өзінде табысты халықаралық медиация және диалог алаңына айналып, сонымен қатар бітімгершілікке қол жеткізді. «Реформалар мен мемлекеттілікті құруға бағытталған көп қырлы бағдарлама Румыниямен екіжақты қарым-қатынасты дамытуға септігін тигізетініне сенімдімін», - деді ол.

Румыниялық дипломат, МГИМО түлегі Думитру Танасе, «оның жеңісі елге прогресс пен гүлдену әкеледі, өйткені оның халықаралық саясатта мол тәжірибесі және өз халқына толыққанды қызмет етуге прагматикалық көзқарасы бар, ал қуатты Қазақстан халықаралық қауымдастыққа тек жақсылық әкеледі» - деп өз пікірімен бөлісті.

Румынияның Қазақстандағы бұрынғы Елшісі Эмиль Рапча Қазақстан басшылығы тәуелсіздік алғаннан кейін ұлтты құру мен нығайтуда даналық пен жанқиярлық танытқанын және бүгінде дейін басып өткен жол жаңадан сайланған Президент жүргізіп жатқан ауқымды жаңғыртумен жалғасып жатқанын атап өтті.

Іс-шара соңында қатысушыларға румын тіліне аударылған Ұлы Абайдың «Қара сөздері», Қазақстан Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Әке туралы сөз» кітаптары және Қазақстан халқына «Әділ мемлекет. Біртұтас ұлт. Қауіпсіз қоғам» атты Жолдауы табысталды.