Қазақ оркестрі румын жұртшылығын таң қалдырды!

Қазақ оркестрі румын жұртшылығын таң қалдырды!

2022 ж. 12 қыркүйек – Румынияның екінші ірі шаһары - Клуж-Напока қаласының Ұлттық Операсында Нұрғиса Тілендиев атындағы "Отырар сазы" Академиялық фольклорлы-этнографиялық оркестрінің концерті өтті.

Қазақстан мен Румыния арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 30 жылдығына орайластырылған мәдени іс-шараға жергілікті билік тұлғалары, ғылым және мәдениет қайраткерлері, классикалық музыка сүйер қауымы, қазақ диаспорасының өкілдері және болу елінің жоғары оқу орындарында білім алып жатқан біздің студенттер қатысты.

Өзінің құттықтау сөзінде Қазақстанның Румыниядағы Елшісі Нұрбах Рүстемов өткен 30 жыл ішінде елдер өзара іс-қимылдың барлық салаларында екіжақты қарым-қатынастарды дамытудың оң динамикасына қол жеткізілгенін, сонымен қатар, мәдени саладағы ынтымақтастықты жандандыру және достық байланыстарды нығайту мақсатында халық дипломатиясын дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Осы ретте қазақстандық дипломат: «Бүгінгі "Отырар сазы" концерті, сондай - ақ екі елдің бас қалаларында Абай мен Михай Эминеску ескерткіштерін, Меджидия қаласында Құрманғазы ескерткішін, "Қазақстан" және "Бухарест" скверлерін ашу сияқты іске асырылған жобалар біздің халықтарымыз арасындағы өзара құрмет пен диалогтың жоғары деңгейін растайды», - деді.

Сонамен қатар, Елші Қазақстанның өзекті ішкі және сыртқы саясаты, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған әлеуметтік-экономикалық реформалар мен іргелі саяси өзгерістер туралы хабардар етті.

Қазақстанның Сыртқы саяси ведомствосының Мұхтар Тілеубердінің атынан Құрметті Консул Штефан Гадолаға "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметіне 30 жыл" мерейтойлық медалі табыс етілгенін атап өту маңызды. Елші Нұрбах Рүстемов бұл медаль оның Қазақстанның дипломатиялық қызметінің жұмысына белсенді қатысқаны үшін сіңірген еңбегін мойындау болып табылатынын атап өтті.

Румын қауымы қазақ мәдениетінің қайталанбас атмосферасына енуге, ұлттық музыкалық аспаптарымыздың бай топтамасымен танысуға мүмкіндік берген оркестрдің қойылымын керемет қошеметпен қарсы алды.

Концерт барысында домбыра мен қобыздан басқа, жетіген, шертер,      шаң-қобыз, асатаяқ, дауылпаз және басқа да көптеген аспаптар орындалды. Атап айтқанда, аспаптардың алуан түрі румын тыңдаушысына ұлттық фольклорымыздың бай және ерекше үлгілерін көрсетуге мүмкіндік берді.

Іс-шара аясында румын қауымына Қазақстанға арналған суреттер көрмесі, сондай-ақ румын тіліне аударылған Абайдың "Қара сөздері" және Қ.Тоқаевтың "Әке туралы сөз" кітаптары ұсынылды.

Анықтама: «Отырар сазы» академиялық фольклорлы-этнографиялық оркестрінің алғашқы бас дирижері - Халық Қаhарманы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, композитор Нұрғиса Атабайұлы Тілендиев еді. Қазақтың біртуар ұлы, аса дарынды күй өнерінің шебері, музыка өнерінде қайталанбас із қалдырған Нұрғиса Тілендиев ұжым алдына биік мақсаттар қойып, оркестрді ірі драмалық ойларды жеткізе алатын, мүмкіндігі кең ұжым қатарына көтерді. Бүгінде ұрпақтар сабақтастығын паш етіп, оркестрге Н.Тілендиевтің қызы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері  - Дінзухра Тілендиева жетекшілік етеді.