
2020 жылы Қазақстан Республикасы Басқарушы қағидаттарды ілгерілету шеңберінде ҰБО-ны құрды. Оның қызметінің мақсаттары Басқарушы қағидаттары туралы хабардар болуды арттыру, осы қағидаттардың ережелерін бұзу туралы жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және олар бойынша шешім қабылдау болып айқындалған.
Осылайша, жоғарыда аталған қағидаттар корпоративтік мінез-құлықтың беделді халықаралық критерийлері болып табылады, олар қосылған мемлекеттің заңнамалық негізін толықтырады және ең бастысы, кәсіпорындардың (контрагенттер ретінде) инвесторлық құқықтары мен мүдделерді сақтау кепілдіктері болып табылады.
Басқарушы қағидаттары – бизнесті жауапты жүргізудің халықаралық стандарттарын айқындайтын жаһандық кәсіпорындарға ұсынымдар беретін, ЭЫДҰ-ға мүше елдер мен оған қосылған мемлекеттердің бірігіп қабылдаған бірегей құжаты. Басқарушы қағидаттары кәсіпкерлік этиканың көптеген салаларындағы мінез-құлыққа қатысты мәселелер жөніндегі бизнес пен стейкхолдерлер арасындағы диалогқа жол ашады. Ұсынымдар кең ауқымды мәселелерді, соның ішінде жергілікті заңдар мен бәсекелестік ережелерін сақтауды, тұтынушылардың мүдделерін қорғауды, салық міндеттемелерін орындауды және т.б. қамтиды.
Басқарушы қағидаттары, сондай-ақ қатысушылар арасында халықаралық инвестициялар үшін ашық және айқын ортаны қамтамасыз етуге тартылған ЭЫДҰ-ның (1976 ж.) Халықаралық инвестициялар мен көпұлтты кәсіпорындар туралы декларациясының бір бөлігі болып табылады. Әлемдегі сыртқы салымдардың ең көп көлемінің көзі болып табылатын және ең ірі көпұлтты кәсіпорындар орналасқан ЭЫДҰ-ға мүше елдер өз аумағында немесе одан тыс жерлерде қолданылатын бизнестің Басқарушы қағидаттарын іске асыруға ықпал етуге міндеттенеді. Нәтижесінде, осы қағидаттарға қосылған мемлекеттердің аумақтық шегінен шығып, компаниялардың едәуір санын қамтиды.
Басқарушы қағидаттар мен ҰБО-ның жұмысы туралы толығырақ мәліметтер ҚР ҰЭМ сайтында берілген: