



Ү.ж. 3-5 ақпанда Елші Нұрбах Рүстемовтың Клуж уезіне жұмыс сапары өтіп, Клуж-Напока қаласының Мэрі және өңірлік Префект, бизнес және академиялық қоғамдастық өкілдерімен келіссөздер орын алды.
Өңір басшылығымен кездесу барысында Клуж-Напока қаласының Мэрі Эмиль Бок және уезд Префектісі Мирчя Абрудян қалада мәдени іс-шаралар өткізу, оның ішінде қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевқа ескерткіш тұрғызу, Алтын Орданың 750 жылдығына арналған конференция және Клуж-Напокадағы Қазақстан мәдениеті күндерін ұйымдастыру жөніндегі бастамаларды қолдауға дайын екендерін білдірді.
Техникалық университет пен Бабеш-Бояй атындағы университетінің басшылығымен кездесулер аясында румын тарапы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге, әсіресе қазақстандық жоғары оқу орындарымен студенттер мен оқытушылардың алмасуын арттыру мәселесіне (халықаралық Эрасмус бағдарламасы негізінде) қызығушылық танытты.
Техникалық университет IT, автоматика, робототехника, цифрландыру сияқты Румынияда ғана емес, сонымен бірге бүкіл Еуропалық Одақта білім беру саласындағы көшбасшы болып табылады, өз кезегінде университеттің түлектері әлемнің жетекші компанияларының арасында білікті мамандар ретінде сұранысқа ие.
Клуж уезінің Сауда-өнеркәсіп палатасының Президенті Штефан Думитрумен болған кездесуде Астана халықаралық қаржы орталығы және Astana Hub аясындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері қарастырылды. Тараптар IT, ауылшаруашылық және білім беру салаларындағы қатынастарды кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.
Клуж уезінің Нұр-Сұлтан және Қарағанды қалаларына экономикалық миссиясын ұйымдастыру туралы келіссөздер іскер топтармен кездесулердің маңызды сәті болды. Ауылшаруашылық, теміржол, банк, IT және энергетика саласындағы ірі компаниялардың өкілдері Клуж-Напока қаласының Мэрі Э.Бок басқаруымен осы жылдың бірінші жартыжылдығына дейін Қазақстанға сапармен келуді ұсынды.