Румыния Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан өте маңызды серіктес екені айтылды

Румыния Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан өте маңызды серіктес екені айтылды

18.08.2022, Бухарест – Қазақстанның Елшісі Нұрбах Рүстемов Румыния Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Юлиан Фотамен екіжақты күн тәртібіндегі мәселелерді талқылау үшін келіссөздер жүргізді.

Елші Н.Рүстемов жыл соңына дейін бірқатар өзара сапарлар ұйымдастыру арқылы екіжақты қарым-қатынастарға тың серпін берудің маңыздылығын атап өтті.  Екіжақты қарым-қатынастардың маңызды мәселелерінің бірі - ағымдағы жылы Нұр-Сұлтанда Сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның өткізілуі, оның барысында бизнес-форум өткізу болып табылады.

Сондай-ақ дипломаттар Румынияда қазақстандық әртістердің концерттерін өткізудің ұйымдастырушылық жағы, екі елдің жоғары оқу орындарында білім алу квотасын ұлғайту, тікелей әуе рейстерін ашу мүмкіндіктері, сондай-ақ халықаралық ұйымдарға қатысты басқа да мәселелер бойынша пікір алмасты.

Мемлекеттік хатшы Й.Фота өз кезегінде Қазақстан Румынияның өте маңызды серіктесі екенін айтып, оның барлық салаларында екіжақты ынтымақтастықты нығайту бойынша ұсынылған бастамаларға қолдау білдірді.