Қазақстан Елшісі Румынияның Кәсіпкерлік және туризм министрімен кездесті

Қазақстан Елшісі Румынияның Кәсіпкерлік және туризм министрімен кездесті

Румынияның Кәсіпкерлік және туризм министрлігінде қазақ-румын ынтымақтастығын жандандыру мәселелері талқыланды

Бухарест, 2022 жылғы 16 тамыз – Елші Нұрбах Рүстемов Румынияның Кәсіпкерлік және туризм министрі Константин-Даниэль Кадариумен кездесу өткізді.

Келіссөздердің негізгі тақырыбы ағымдағы жылдың қазан айында Нұр-Сұлтанда өтетін Үкіметаралық комиссияның кезекті отырысын ұйымдастыру болды.  Тараптар алдағы кездесуде энергетика, көлік-логистикалық ынтымақтастық, сондай-ақ білім беру, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту мәселелеріне назар аударуға келісті.

Н.Рүстемов елдер арасында тікелей әуе қатынасын ашуға баса назар аудара отырып, туризм саласындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын, сондай-ақ сауда бағыттарын әртараптандыру мәселесін жан-жақты талқылады.

Сондай-ақ, Үкіметаралық комиссия отырысы аясында бизнес-форум өткізу туралы келісімге қол жеткізілді.  Румындық тарап Үкіметаралық комиссиясы кезінде мұнай-газ және IT жабдықтары, фармацевтика және жиһаз өнімдері, ауыл шаруашылығы өнімдері, сондай-ақ туризм индустриясындағы кәсіпорындарының  экономикалық миссиясын ұйымдастыруға қызығушылық танытты.