
Бүгін қазақтың ұлы ақыны, ойшылы, қазақ әдебиетінің негізін салушы – Абай Құнанбаевтың туғанына 177 жыл толуына орай Бухарестте оның бюстіне гүл қою рәсімі өтті.
Салтанатты іс-шараға Қазақстанның Румыниядағы Елшісі Н.Рүстемов, Rompertol компаниясының басшылығы және Бухарестте тұратын Қазақстан азаматтары қатысты.
Еске салайық, Абайдың бюсті Қазақстан алаңында, қазақ ағартушының 175 жылдығына орай, Румыниядағы әйгілі «Еркін баспасөз үйінің» жанына орнатылған болатын.
Бюстке гүл қою Румынияда тұратын қазақ азаматтары арасында жақсы дәстүрге айналды.