Румынияда Қазақстан Президенті Қ. Тоқаевтың «Әке туралы ой-толғау» кітабы таныстырылды

Румынияда Қазақстан Президенті Қ. Тоқаевтың «Әке туралы ой-толғау» кітабы таныстырылды

2022 жылғы 29 маусым, Бухарест қаласы - бүгін Левант Перспективалық зерттеулер және өркениеттер институтында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың румын тіліндегі «Әке туралы ой-толғау» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

Іс-шараға Румыния Парламентінің депутаттары, Сыртқы істер министрлігінің басшылығы және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ дипломатиялық корпусының, академиялық және бизнес орталарының, БАҚ өкілдері қатысты.

Өз сөзінде Қазақстан Елшісі Нұрбах Рүстемов кітаптың бас кейіпкері, елімізде танымал жазушы Кемел Тоқаевтың қиын тағдыры туралы айтып, кітапта сипатталған негізгі оқиғаларға егжей-тегжейлі тоқталды.

Сонымен қатар, қазақстандық дипломат іс-шараға қатысушыларды ағымдағы жылдың 15 шілдесінде Қазақстан мен Румыния арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30 жыл толуымен құттықтап, екі ел арасындағы өзара қарым-қатынастардың одан әрі дамитынына сенім білдірді.

Румынияның бұрынғы президенті Эмиль Константинеску (1996-2000 жж.) кітапта Кемел Тоқаевтың туыстарының қайғысы арқылы 1930 жылдардағы оқиғалар айқын сипатталғанын атап өтті. «Кемел Тоқаевтың өз өміріндегі барлық қиын кезеңдерді еңсере отырып, жоғары білім алуға нақты ниеті болғандығы таң қалдырады», - деп атап өтті ол.

Э.Контантинеску «Әке туралы ой-толғау» кітабы Президенттің әкесінің өмірбаяны ғана емес, «ұлының әкесіне ризашылығының дәлелі» екенін айтты. «Мен Қазақстанның байлығы туралы көп жаздым және айттым, бірақ Қазақстанның нағыз байлығы - адамдар және олардың ойлау тәсілі», - деді ол.

Дипломатиялық қарым-қатынастардың 30 жылдығын мерекелеумен құттықтай отырып, Э.Констатинеску Қазақстан-Румыния әріптестік одан әрі нығайтуға және дамытуға шақырды.

Бухарест университетінің профессоры, лингвист Антоанету Олтяну (Абайдың «Қара Сөздер» кітабының аудармашысы) кітаптың «өткір қаламмен» жазылғанын атап өтті. «Шығармада өмірдің қиыншылықтары ғана емес, сонымен бірге қазақ халқының үміті мен құндылықтары да сипатталған», - деді А.Олтяну.

Ол кітап Кемел Тоқаевтың өмірінен басқа, өз күш-жігерімен және қалауымен жаңа мемлекет құруға әсер еткен басқа да тағдырларды сипаттайды деген пікірін білдірді. «Мұны мойындау керек», - деді профессор.

Қоғам қайраткері, Қазақстанның шет елдермен мәдени байланыстары қоғамының бұрынғы басшысы Жібек Әмірханова Кемел Тоқаевтың өмірдегі қиыншылықтары және оның жазушылық мансабындағы табыстары, сондай-ақ 1977 жылы онымен жеке танысуы туралы айтып берді. Ж.Әмірханова атақты автордың детективтерін қуана оқығанын атап өтіп, оның кітаптары кітап дүкендерінде белсенді сатылып, қолдан қолға берілгенін атап өтті.

Сонымен қатар, бүгін Қазақстанның Румыниядағы Елшілігінің белсенді қолдауымен Қазақстан астанасында Румыния Президенті Клаус Йоханнистің қазақ тіліндегі «Pas cu Pas» («Біртіндеп басып биікке») кітабының тұсаукесері өтті. Мұндай іс-шаралар екіжақты қарым-қатынастарды достық пен өзара құрмет рухында құруда ерекше маңызға ие.

 

«Әке туралы ой-толғау» кітабын «ҚазМұнайГаз Интернешнл» қолдауымен 2022 жылғы маусымда «Curtea Veche» баспа үйі басып шығарды.

Аудармашы – Валериу Туря.