Республикалық референдум өткiзу туралы

Республикалық референдум өткiзу туралы

Құрметті отандастар!

2022 жылғы 5 маусымда (жергілікті уақыт бойынша 07.00-ден 20.00-ге дейін) Қазақстан Республикасының Румыниядағы Елшілігі жанындағы № 299 дауыс беруге арналған учаскеде ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі бойынша республикалық референдум өтеді.

Референдум өткізу туралы тиісті Жарлыққа Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев 2022 ж. 5 мамырда қол қойды.

ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша Ата заңға өзгерістер жобасын дайындау үшін арнайы жұмыс тобы құрылды. Оған белгілі құқықтанушы ғалымдар, сарапшылар және құзырлы органдардың өкілдері кірді.

Барлық өзгерістер мен толықтырулар егжей-тегжейлі қаралғаннан кейін жоба Конституциялық кеңеске жолданды. Құжат жобасы Конституция нормаларына сай келеді деп қорытынды берілді.

Бұл өзгерістер еліміз үшін тағдыршешті мәнге ие. Ата заң баптарының үштен бірі өзгереді. Сондықтан Мемлекет басшысы бұл мәселені республикалық референдумға шығаруды ұсынды – еліміз үшін мұндай маңызды өзгеріс бүкіл халықтың шешімімен жүзеге асырылуға тиіс.

Қазақстанның 18 жасқа толған және белсенді сайлау құқығына ие әрбір азаматының республикалық референдумға қатысуға конституциялық құқығы бар.