Румынияның Кәсіпкерлік және туризм министрі, Қазақстан-Румыния Үкіметаралық комиссиясының тең төрағасымен кездесу

Румынияның Кәсіпкерлік және туризм министрі, Қазақстан-Румыния Үкіметаралық комиссиясының тең төрағасымен кездесу

Бухарест, 2022 жылғы 21 наурыз – Бүгін Қазақстанның Елшісі Нұрбах Рүстемов Румынияның Кәсіпкерлік және туризм министрі, Сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссиясының тең төрағасы Константин-Даниел Кадариумен кездесті.

Келіссөздер барысында тараптар өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдетуге белсенді күш салуға келісті. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, білім және туризм салаларындағы әрекеттестік.

Сонымен қатар, қазақстандық дипломат К.Кадариуды Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар, Президент Қ.Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» Жолдауының негізгі тезистері, сондай-ақ біздің үкіметтің шетелдік инвестициялық субъектілерді қорғау үшін қабылдаған шаралары туралы егжей-тегжейлі хабардар етті.

Өз кезегінде К.Кадариу мұнай-газ және IT жабдықтарын, фармацевтикалық және жиһаз өнімдерін, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаратын кәсіпорындардың экономикалық миссияларын ұйымдастыруға қызығушылық танытты.