Парламентаралық достастық тобы Төрағасының орынбасарымен кездесуде қазақ-румын ынтымақтастығын дамытудың жаңа жолдары талқыланды

Парламентаралық достастық тобы Төрағасының орынбасарымен кездесуде қазақ-румын ынтымақтастығын дамытудың жаңа жолдары талқыланды

10.03.2022, Бухарест – Елші Нұрбах Рүстемов бүгін Қазақстан-Румыния парламентаралық достастық тобы Төрағасының орынбасары, Румыния Парламентінің депутаты Василе Кытеамен кездесті.

Келіссөздер барысында қазақстандық дипломат депутатты Қазақстандағы саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалардың жүзеге асырылу барысы туралы егжей-тегжейлі хабардар етті. Сонымен қатар, екі елдің заң шығарушы органдары арасындағы, сондай-ақ ЕКПА мен ЕҚЫҰ ПА сияқты халықаралық ұйымдар аясындағы әріптестікті тереңдету мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, әңгімелесушілер тараптардың экономикалық және мәдени-гуманитарлық жобалардың санын арттыруға дайын екенін растады. Атап айтқанда, В.Кытея Румыния бокс федерациясының төрағасы ретінде, қазақстандық спортшылардың әлеуеті мен кәсіби шеберлігі артып келе жатқанын жоғары бағалап, сондай-ақ 2022 ж. сәуірде Румынияда өтетін халықаралық турнирге қатысуларын асыға күтетінін жеткізді.