Румынияның Энергетика министрімен екіжақты ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары талқыланды

Румынияның Энергетика министрімен екіжақты ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары талқыланды

03.09.2022, Бухарест – Қазақстанның Елшісі Нұрбах Рүстемов Румынияның Энергетика министрі Вирджил Попескумен келіссөздер өткізді.
Тараптар 2021 жылғы ынтымақтастықтың қорытындыларын талқылады, ағымдағы жағдайды қарастырды және орта мерзімді перспективаға арналған жоспарларды белгіледі.
Әңгімелесу барысында Елші Қазақстанның Румыниямен энергетика саласындағы қарым-қатынасты нығайтуға дайындығы туралы ұстанымын жеткізді. Сондай-ақ «ҚазМұнайГаз Интернэшнл» компаниясының дамуы және оның қазақстандық энергетикалық ресурстарды Еуропаға экспорттаудағы белсенді қызметі туралы да сөз болды.
Сонымен қатар, қазақстандық дипломат біздің еліміздегі ағымдағы жағдай, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің шетелдік инвестициялық субъектілерді, оның ішінде Қазақстанның энергетикалық секторында өкілдік ететін румындық компанияларды қорғау бойынша қабылдап жатқан шаралары туралы егжей-тегжейлі хабардар етті.
Өз кезегінде Министр В.Попеску Қазақстан мен Румыния арасындағы қарым-қатынастың одан әрі нығая түсетініне сенім білдіріп, мұнай-газ саласындағы тауар айналымының артуын атап өтті.