"Жаңа Қазақстан" және Қазақстан мен Румыния арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30 жыл - Бухаресттегі дөңгелек үстелдің күн тәртібі

"Жаңа Қазақстан" және Қазақстан мен Румыния арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30 жыл - Бухаресттегі дөңгелек үстелдің күн тәртібі

2022 жылғы 25 ақпан, Бухарест - бүгін бейнеконференция форматында «Жаңа Қазақстанды құрудағы реформалар» дөңгелек үстелі өтті, оның жұмысына Румыния Парламентінің депутаттары мен Үкіметінің мүшелері, сондай-ақ Румыния бизнес және академиялық топтарының, БАҚ өкілдері қатысты.

Өз сөзінде Қазақстан Елшісі Нұрбах Рүстемов іс-шараға қатысушыларды «қасіретті қаңтар» оқиғалары туралы хабардар етті. Дипломат Қазақстанның құзыретті органдары ашықтықты қамтамасыз ету үшін құқық қорғау ұйымдарының қатысуымен болған оқиғаларға мұқият тергеу жүргізіп жатқанын атап өтті.

Мемлекет басшысының «Жаңа Қазақстанды» құруға бағытталған реформалары мен бастамаларына, сондай-ақ Үкіметтің халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі қызметінің басым бағыттарына басты назар аударылды. Сонымен қатар, Елші еліміздің халықаралық қоғамдастық алдындағы барлық міндеттемелері мен кепілдіктерін орындауға бейілділігін атап өтті. Іс-шара барысында «Хабар» телеарнасының Қазақстандағы қаңтар айындағы қасіретті оқиғалар туралы деректі фильмі көрсетілді.

Іс-шараның жеке тақырыбы Қазақстан мен Румыния арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуын (15 шілде) талқылау болды. Атап айтқанда, екіжақты қарым-қатынастар тарихындағы маңызды оқиғалар атап өтілді, сондай-ақ Қазақстан-Румыния ынтымақтастығын одан әрі дамыту перспективалары және осы атаулы күнге арналған мерекелік іс-шараларды (дөңгелек үстелдер, кино күндері, көрмелер, концерттер) өткізу жөніндегі жоспарлар талқыланды.

Румыния заңнамалық кеңесінің президенті Флорин Йордаке дипломатиялық қарым-қатынастардың 30 жылдығын мерекелеумен құттықтап, ынтымақтастық дамуының оң қарқынын атап өтті. Ол сондай-ақ екіжақты өзара іс-қимылдың кең спектрі бойынша белсенді өзара іс-қимылдың одан әрі арта түсетініне сенім білдірді.

Румынияның Ауыл шаруашылығы министрі Чесной Адриан Йонуц Қазақстан Румынияның Орталық Азия өңіріндегі ең ірі сауда серіктесі болып табылатынын атап өтті. Министр Румыния перспективалы бағыттардың бірі болып табылатын ауыл шаруашылығы саласындағы белсенді ынтымақтастықты дамытуға ниетті екенін атап өтті. Осыған байланысты, тараптардың қарауында жатқан екі елдің тиісті министрліктері арасындағы ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық туралы келісім нақты жобалар мен жаңа тауашаларды белгілеуге арналған.

Румыния Сыртқы істер министрлігінің Бас директоры Дан Янку Қазақстан саясат, экономика және мәдениет салаларында серпінді және жемісті ынтымақтастық орнатқан Румынияның Орталық Азиядағы негізгі серіктесі болып табылатынын атап өтті. Сонымен қатар, румын дипломаты «қасіретті қаңтар» құрбандарына көңіл айтты, сондай-ақ Қазақстандағы оқиғаларды объективті және әділ тергеуге үміт білдірді.

Бухарест Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті Юлиу Стоклоза бизнес байланыстарды дамыту үшін перспективалы бағыттарды атап өтіп, қазақстандық бизнеспен одан әрі ынтымақтасуға дайындығын білдірді.

Румыния Ұлттық баспаханасының Президенті, бұрынғы мәдениет министрінің орынбасары Михай Фирика және Клужадағы Қазақстанның Құрметті консулы – «Energobit» компаниясының президенті Штефан Гадола «Жаңа Қазақстандағы» реформалар үдерістерін оң бағалап, екіжақты ынтымақтастықты нығайту бойынша нақты жобалар мен ұсыныстар жасады.

Дөңгелек үстелге қатысушылар Қазақстан мен халқымызға жылы лебіздерін білдірді.