Румыния СІМ Саяси директорымен кездесу туралы

Румыния СІМ Саяси директорымен кездесу туралы

23.02.2022, Бухарест – Бүгін Қазақстанның Елшісі Нұрбах Рүстемов Румыния Сыртқы істер министрлігінің Стратегиялық мәселелер бойынша саяси директоры Траян Христеамен кездесті.

Келіссөздер барысында тараптар екіжақты саяси және экономикалық ынтымақтастықты жандандыру перспективаларын талқылады. Бұл ретте екіжақты және көпжақты бағытта бірлескен жобалар мен іс-шараларды жүзеге асыруға атсалысуға екі жақтың қызығушылығы аталып өтті.

Сонымен қатар, Н.Рүстемов әңгімелесушіні Қазақстандағы оқиғалар, ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың саяси жаңғырту және жаңа саяси реформаларды жүзеге асыру бағытын жалғастыру ниеті, адам құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық міндеттемелеріне бейілділігін және т.б. туралы жіті хабардар етті.

Өз кезегінде 2015-2018 жылдар аралығында Нұр-Сұлтандағы Еуропалық Одақтың Елшісі болған Т.Христеа еліміздің халықаралық беделінің артып келе жатқанын жоғары бағалай отырып, өзара тиімді серіктестікті дамытуға дайын екенін атап өтті.