
2021 жылғы 17 желтоқсан, Бухарест - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, сондай-ақ Қазақстан-Румыния қарым-қатынастарын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан Елшісі Нұрбах Рүстемов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан келесі наградаларды табыс етті.
Мемлекеттік награда - екінші дәрежелі «Достық» ордені - Румынияның бұрынғы президенті Эмиль Константинескуға табыс етілді.
Румыния Президенті ретінде Э.Константинеску елімізге 1999 жылы ресми сапармен барып, онда Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесулер өткізді және кейіннен екіжақты қарым-қатынастардың дамуына қомақты үлес қосты.
Э.Константинеску Қазақстанның бастамаларын белсенді қолдайды және сенімді әрі жақын дос болып қала береді.
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» медальдары – «Energobit» компаниясының президенті-Қазақстанның Клужадағы Құрметті консулы Штефан Гадола мен «Adegas» компаниясының Бас директоры Кристи Берчануға өңіраралық, сауда-экономикалық және мәдени байланыстарды дамытуға елеулі үлес қосқаны, сондай-ақ қазақстандық бастамаларды жан-жақты қолдағаны үшін табыс етілді.