Румынияда Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференция өтті

Румынияда Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференция өтті

2021 ж. 25 қазан, Бухарест – Нұр-Сұлтан – бүгін Қазақстан Елшілігі Бухарест политехникалық университетімен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған бейнеконференция форматында ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырды.

Конференция жұмысына Парламент депутаттары мен сенаторлары, Сыртқы істер және экология, геология және табиғи ресурстар министрліктерінің басшылығы, сондай-ақ екі елдің ғылыми, бизнес және академиялық топтарының өкілдері қатысты.

Қазақстан Республикасының Румыниядағы Елшісі Нұрбах Рүстемов өз сөзінде Қазақстан Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен жаһандану және индустрияландыру дәуіріне сенімді қадам басқанын атап өтті. Атап айтқанда, дипломат барлық қазақстандықтардың бірлескен күш-жігерінің арқасында біздің еліміз одан әрі даму мен өркендеу үшін алға қойылған мақсаттарға сеніммен қадам басып келе жатқанын атап өтті.

Сонымен қатар, Елші Мемлекет басшысы бастамашылық еткен, мемлекетіміздің маңызды демократиялық үдерістерін жүзеге асыруға бағытталған негізгі реформаларды белгіледі. Сонымен бірге, Н.Рүстемов Румыния саяси және сауда-экономикалық салаларда, сондай-ақ халықаралық ұйымдар шеңберінде өзара тиімді әріптестік орнатылған Қазақстанның маңызды еуропалық әріптесі болып табылатынын атап өтті. Мәселен, 2020 жылғы қыркүйекте ұлы қазақ ақыны Абай бюстінің ашылуы мәдениет саласындағы табысты әріптестіктің жарқын айғағы болды, онда 2021 жылғы қыркүйекте «Қазақстан» сквері ашылды. Өз кезегінде, Нұр-Сұлтанда румын әдебиетінің классигі Михай Эминескудің бюстінің ашылуына қолдау көрсетілді.

Біздің Тәуелсіздігіміздің мерейтойына орай Румыния Парламенті Сенатының Төрайымы Анка Драгу, Румынияның бұрынғы Президенті Эмиль Константинеску және парламентаралық достық топтарының тең төрағалары - екі ел парламенттерінің сенаторлары Ольга Перепечина мен Кристиан Цыгырлаш бейне үндеулер жасады.

Румыния Парламенті Сенатының Төрайымы Анка Драгу Қазақстан халқын Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, Румынияның Қазақстанның бастамаларын халықаралық және көпжақты деңгейде қолдауға дайын екендігін білдірді. Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан мен Бухарест арасында ынтымақтастықтың кең спектрі бойынша қарқынды өзара іс-қимыл қалыптастқанын атап өтті.

Парламент Сенатындағы ҚР-Румыния достық тобының тең төрағасы-Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы Ольга Перепечина конференцияға қатысушыларды Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылында орын алған негізгі үдерістер мен реформалар туралы егжей-тегжейлі хабардар етті. Сонымен қатар, Президент Қ.Тоқаевтың басшылығымен мемлекетіміздің одан әрі даму жоспарларына ерекше назар аударылды.

Румынияның бұрынғы Президенті Эмиль Константинеску Қазақстан өзінің өңірлік көшбасшылығын, оның ішінде халықаралық ұйымдар шеңберінде нығайту үшін маңызды қадамдар қабылдағанын атап өтті. Сондай-ақ, Қазақстан өз күш-жігерін тұрақты даму мен табиғи ресурстар мен адами капиталды басқаруға табысты жұмылдыра алды деген пікір айтылды.

ҚР-Румыния парламентаралық достық тобының тең төрағасы, Румыния Парламентінің сенаторы Кристиан Цыгырлаш өзінің бейне үндеуінде Қазақстан мен Румыния арасындағы географиялық қашықтыққа қарамастан, елдер арасында сенім мен өзара құрметке негізделген достық және сенімді қатынастар жолға қойылғанын атап өтті.

Румыния депутаттары палатасының Сыртқы саясат комитетінің төрайымы Розалия Биро Қазақстан белсенді саяси және парламентаралық диалогты қолдайтын Румынияның Орталық Азиядағы негізгі серіктесі болып табылатынын атап өтті. Сонымен бірге, румын парламентшісі пандемия жағдайында екіжақты қатынастарды дамыту мақсатында ынтымақтастықты одан әрі нығайту қажет деген пікір білдірді.

Парламент Мәжілісіндегі ҚР-Румыния парламентаралық достық тобының тең төрағасы-депутат Әмірхан Рахымжанов Тәуелсіздік жылдары біздің еліміз шет мемлекеттердің парламенттерімен белсенді ынтымақтастық орнатып, ЕКПА және ЕҚЫҰ ПА деңгейінде Румыниямен жемісті парламентаралық диалог орнатқанын атап өтті.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ерлан Әлімбаев еліміздің көпвекторлы сыртқы саясатын дамытудың негізгі бағыттарын белгіледі. Атап айтқанда, Е.Әлімбаев Қазақстанның халықаралық ұйымдар аясындағы белсенділігін, оның ішінде ЕҚЫҰ, БҰҰ ҚК, ИКҰ және т. б. төрағалығын, сондай-ақ республикамыздың ядролық қарусыз әлем үшін жаһандық қозғалысқа қосқан қомақты үлесін атап өтті.

Сонымен қатар, дипломат Қазақстан мен Румыния кең ауқымды мәселелер бойынша өзара түсіністіктің жоғары деңгейіне қол жеткізгенін айтты. Екіжақты ынтымақтастықтың күн тәртібінде жоғары деңгейдегі өзара сапарлар, ҮАК кезекті отырысын өткізу және т. б. мәселелер тұр деп хабарлады.

Румыния Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Дан Некулаэску екі сыртқы саяси ведомство арасындағы өзара іс-қимылдың, оның ішінде өңірлік және халықаралық күн тәртібі бойынша пікір алмасудың жоғары деңгейін атап өтті.

Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Талғат Момышев екіжақты Үкіметаралық комиссияның тең төрағасы атынан экономикалық және ғылыми-техникалық салалардағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары туралы айтты.

Бухарест сауда-өнеркәсіп палатасының президенті Юлиу Стоклоза Қазақстан мен Румынияның сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды дамыту әлеуеті бар деген пікір білдірді.

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының директоры Ержан Салтыбаев Қазақстанның жетістіктері мен халықаралық бастамалары туралы хабардар етіп, қатысушыларды сыртқы саяси тректегі негізгі оқиғалармен егжей-тегжейлі таныстырды.

Өз кезегінде, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов университеттің қызметі және оның негізгі жетістіктері туралы ақпарат берді. Сондай-ақ, университет бірқатар румындық жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық туралы меморандумдар жасағандығы атап өтілді. Сонымен қатар, жақын арада екі ел ректорларының конференциясын ұйымдастыру туралы ұсыныс айтты.

Бухарест Политехникалық университетінің ректоры Михня Костою біздің елдеріміздің білім беру саласындағы ынтымақтастық деңгейі жоғары екенін атап өтті. Мысалы, бүгін Елшілік пен Политехникалық университет аталған оқу орнында қазақстандық студенттерге грант беруге бағытталған ынтымақтастық туралы келісім жасасты. Сонымен қатар, ол Елшіліктің ынтымақтастықты одан әрі дамыту жөніндегі бастамаларына қолдау білдірді.

Іс-шара соңында қатысушылар Қазақстанды Тәуелсіздік мерейтойымен құттықтап, халқымызға табыс пен бақ-береке тіледі.