Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Нұрсұлтан Назарбаев орталығы

Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Нұрсұлтан Назарбаев орталығы
Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Нұрсұлтан Назарбаев орталығын құру идеясын 2018 жылғы қазанда өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері VI съезінің қатысушылары көтерген болатын.

2019 жылы 25 сәуірде Қазақстан Республикасы Үкіметінің №226 қаулысымен Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Нұрсұлтан Назарбаев орталығы құрылды.

Орталық қызметінің негізгі тақырыбы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының конфессияаралық және өркениетаралық диалогты сақтау және қамтамасыз ету жөніндегі бастамаларын, сондай-ақ Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің идеяларын халықаралық деңгейде насихаттау.

Орталық туралы толығырақ ақпаратты http://religions-congress.org веб-сайтынан алуға болады.