1. Румыния азаматтарына Қазақстанға сапар жасау үшін виза қажет пе?
Жоқ, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан 57 мемлекеттің азаматтарына, оның ішінде Румыния азаматтарына қатысты визасыз режимді 30 күнге дейін жаңартты.
2. Сонда Румыния азаматтары пандемия кезінде Қазақстанға еркін саяхаттай алады дегенді білдіре ме?
Иә, 2022 жылғы 7 ақпанда Мемлекеттік шекараны кесіп өту тәртібіне өзгерістер енгізілді, оған сәйкес Румыния азаматтары үшін әуе жолдарымен Қазақстанға кіру қосымша рұқсаттарды талап етпейді.
3. Мемлекеттік шекараны кесіп өту тәртібімен қайдан танысуға болады?
Мұнда басу арқылы толық мәтінді оқып шығыңыз.
4. Румыния азаматтары Қазақстанға туристік мақсатта саяхат жасай ала ма?
Иә.
5. Мен Румыния азаматымын және Қазақстанда 30 күннен артық болуды жоспарлап отырмын. Визаны қалай алуға болады?
Визаға өтініш беру үшін құжаттар тізімімен және төлем әдісімен тиісті бөлімде таныса аласыз.
6. Мен Румыния азаматымын, Қазақстанға кіру үшін маған теріс ПТР-тест қажет пе?
Жоқ, ағымдағы жылдың 8 маусымынан бастап Қазақстанға кіру үшін COVID-19 ПТР-тестін және вакцинация паспортын ұсыну туралы талаптар жойылады.
7. Мен Қазақстан азаматымын, Отаныма кіру үшін маған теріс ПТР-тест қажет пе?
Жоқ, ағымдағы жылдың 8 маусымынан бастап Қазақстанға кіру үшін COVID-19 ПТР-тестін және вакцинация паспортын ұсыну туралы талаптар жойылады.
8. Менде Covid-19-ға қарсы вакцинациялаудың еуропалық сертификаты бар. Қазақстанға кіру үшін маған ПТР-тест қажет пе?
Жоқ, ағымдағы жылдың 8 маусымынан бастап Қазақстанға кіру үшін COVID-19 ПТР-тестін және вакцинация паспортын ұсыну туралы талаптар жойылады.
Жоқ, ағымдағы жылдың 8 маусымынан бастап Қазақстанға кіру үшін COVID-19 ПТР-тестін және вакцинация паспортын ұсыну туралы талаптар жойылады.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда келесі электрондық пошта мекенжайына хабарласуыңызды сұраймыз: consul.bucharest@mfa.kz.