
13 мамыр 2021, Бухарест - Елші Нұрбах Рүстемов қазақтың ұлы ақыны және философы Абайдың 175 жылдығы аясында ҚР-дың Румыниядағы Құрметті консулы Штефан Гадолаға Қазақстан Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың Қазақстан мен Румыния арасындағы мәдени байланыстарды ілгерілету мен дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс хатын табыстады.
Сонымен қатар, қазақстандық дипломат құрметті консулдың өкілеттігін ұзарту туралы экзекватура берді.
Ш.Гадола оның қызметіне берген жоғары бағасы үшін алғысын білдіріп, Қазақстан-Румыния қарым-қатынастарын нығайту бойынша белсенді жұмысты жалғастыруға дайын екенін білдірді.