Абай кітабының румын тіліне аудармашысына Қазақстан Президентінің алғыс хаты табыс етілді

Абай кітабының румын тіліне аудармашысына Қазақстан Президентінің алғыс хаты табыс етілді

2021 жылғы 13 мамыр, Бухарест - Елші Нұрбах Рүстемов ұлы қазақ ақыны және философы Абайдың 175 жылдығы аясында Қазақстан мен Румыния арасындағы мәдени байланыстарды ілгерілетуге және дамытуға қосқан үлесі үшін Мемлекет басшысының Абайдың "Қара сөздер" кітабының румын тіліне аудармашысы, Бухарест университетінің Шет тілдері және әдебиеті факультетінің профессоры Антоанета Олтянуға алғыс хатын табыс етті.

Сонымен қатар, А.Олтянудың кәсіби қызметі ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтота Райымқұлованың алғыс хатымен де ерекшеленді.

А.Олтеану оның жұмысына берілген жоғары баға үшін ризашылығын білдіріп, екіжақты мәдени байланыстарды одан әрі ілгерілетуге дайын екенін растады.

Анықтама үшін: 2019 жылдың шілдесінде румын тілінде тұңғыш рет Немура баспасы румын қоғамының оң жауабын тапқан Абай кітаптарының алғашқы партиясын шығарды.

2020 жылдың қыркүйегінде қазақ ақынының мерейтойын атап өту аясында Бухаресттің орталық саябақтарының бірінде Абай бюстінің салтанатты ашылуы өтті.