Румынияда парламентаралық дипломатияны дамытудың жаңа бағыттары талқыланды

Румынияда парламентаралық дипломатияны дамытудың жаңа бағыттары талқыланды

12.05.2021 жыл - Бухарест. Бүгін Қазақстанның Румыниядағы Елшісі Нұрбах Рүстемов ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясындағы Румыния делегациясының жетекшісі, сенатор Раду Михаилмен кездесті.

 

Келіссөздер барысында тараптар екіжақты саяси және экономикалық ынтымақтастықты жандандыру мақсатында парламентаралық байланыстардың әлеуетін пайдалану перспективаларын талқылады. Сонымен бірге, екі ел аумағында бірлескен жобалар мен іс-шараларды жүзеге асыруға қатысуға өзара қызығушылық баса айтылды. Сенатор парламентаралық достық тобының румындық құрамы құрылғанын хабарлап, олардың қазақстандық әріптестерімен белсенді өзара іс-қимыл жасайтындығына сенім білдірді.

 

Румыния делегациясының басшысы ретінде Р.Михаил Румынияның ЕҚЫҰ ПА шеңберінде қазақстандық парламентарийлермен өзара тиімді серіктестікті дамытуға дайындығын атап өтті. Сонымен қатар, сенатор біздің еліміздің өсіп келе жатқан халықаралық беделін жоғары бағалады және Қазақстанда тұратын румын диаспорасына көрсетіліп отырған елеулі қолдауы үшін ризашылығын білдірді.