
2021 ж. 6 мамыр, Бухарест-Будешть – бүгін Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 76 жылдығы және Қазақстанның Отан қорғаушылар күні қарсаңында Елші Нұрбах Рүстемов кеңес солдатының мемориалына гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.
16 бауырлас және 465 жеке бейіті бар Бухарест қаласында 656 Кеңес әскері жерленген, олардың 10-ы Қазақстаннан шақырылған.
Қаза тапқан батырларға құрмет көрсетуге Бухарест қаласы мэриясының өкілдері, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Ресей және Түркіменстан елшілері, сондай-ақ Румынияда тұратын қазақстандық азаматтар келді.
Сонымен қатар, Елшілік қызметкерлері Будешть қаласының мэриясымен бірлесіп мемориалдық кешенге гүл шоқтарын қойды, онда 998 кеңес жауынгері жерленген, олардың 93-і біздің отандастарымыз болған.
Рәсімге қатысушылар фашизмнен бостандық үшін соғысқан және қаза тапқан батырларды бір минут үнсіздікпен еске алып, тарихи зерде сақтағаны үшін румын халқына алғыс білдірді.