Қазақстан мен Румыния арасында ғарыш саласындағы ынтымақтастықтың жаңа мүмкіншіліктері

Қазақстан мен Румыния арасында ғарыш саласындағы ынтымақтастықтың жаңа мүмкіншіліктері

Бухарест, 28.04.2021 - Қазақстан Елшісі Нұрбах Рүстемов Румынияның аэроғарыш агенттігінің президенті Мариус-Иоан Писомен кездесу өткізіп, екіжақты ынтымақтастық және саладағы дамудың жалпы мәселелерін талқылады.

Осы саладағы келісім-шарт базасын кеңейту және ҚР уәкілетті ұйымымен бейнеконференция форматында кездесулер өткізу туралы келісімге қол жеткізілді.

Мариус-Иоан Писо Қазақстанның әлеуеті мен оның ғылыми-зерттеу мүмкіншіліктерін жоғары бағалауда. Ғарыш ғылымындағы көрнекті қайраткер қазіргі уақытта БҰҰ-ның Ғарышты бейбіт мақсатта пайдалану комитетінің (UN-COPUOS) 2020-2021 жылдар кезеңіндегі төрағасы болып табылады.