Инвестициялар мен сауда-саттық қазақ-румын әріптестігінің басты назарында

Инвестициялар мен сауда-саттық қазақ-румын әріптестігінің басты назарында

2021 жылы 30 наурызда Қазақстан Республикасы Елшілігінің, Румынияның және Прахова аймағының Сауда-өнеркәсіп палаталарының көмегімен екі елдің 80 кәсіпкерлерінің қатысуымен бейнеконференция форматында қазақ-румын бизнес форумы өтті.

Іс-шара барысында Елшілік қазақстандық экономиканың жетекші салаларын, атап айтқанда жеңіл және ауыр өнеркәсіп саласындағы серіктестіктің жаңа мүмкіндіктерін таныстырды. Сонымен қатар, бизнес-форум қатысушыларына инвестициялық преференциялар, АХҚО-ның және біздің елдегі еркін экономикалық аймақтардың табысты қызметі туралы егжей-тегжейлі ақпарат берілді.

«KazakhInvest» ҰК» АҚ Стратегиялық жобалар департаментінің директоры Жандос Темірғали Қазақстандағы бизнесті жүргізу перспективаларын, аймақтардың артықшылықтары мен жеткізу маршруттарын, инвесторларды заңнамалық қорғау жүйесімен таныстырды.

Румыния СӨП Бас хатшысы Овидиу Силаги және Прахова СӨП төрағасы Аурелиан Гогулеску өз елінің сауда-экономикалық әлеуетімен таныстырды, бірлескен бизнес жүргізу перспективалары туралы әңгімеледі, сондай-ақ қазақстандық нарыққа шығуға ниет білдірген румындық компанияларды таныстырды.

Айта кететін жайт, Форум үш панельдік бөлімнен құрылды - өнеркәсіп және құрылыс, ауыл шаруашылығы, сауда және қызмет көрсету, олардың шеңберінде екі елдің кәсіпкерлері өз компанияларының қызметтерімен таныстырып, тікелей байланыс орната алды.

Жалпы, бизнес-форум Қазақстан мен Румынияның сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге өзара қызығушылығын растады, атап айтқанда, кәсіпкерлер өңдеу өнеркәсібі өнімдеріне қатысты сауданы әртараптандырудың маңыздылығын атап өтті.

Анықтама үшін: 2020 жылы елдер арасындағы тауар айналымы 1,3 миллиард долларды құрады (экспорт - 1,26 миллиард, импорт - 73 миллион).

Қазақстан экспортының негізгі баптары мұнай, химия өнімдері, металдар болып табылады.

Қазақстандық импорттың негізгі тауарлары: машиналар, аппараттар, электр жабдықтары, металдар мен металлдан жасалған бұйымдар, химия және онымен байланысты өнеркәсіп өнімдері, пластмассалар, резеңке.