
22 наурыз 2021 ж., Бухарест - Бүгін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Наурыз мерекесі аясында Бухарест ұлттық музыка университетінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы музыканттарының онлайн концерті өтті.
Концертте Құрманғазының "Балбырауын", "Адай", "Сары Арқа" және т.б. қазақ музыкасының классикасын таныстыратын әйгілі туындылары, сондай-ақ румын халық музыкалық шығармалары "Жаворонок" және "Чабан" орындалды.
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Арман Жүдебаевтың Бухарест ұлттық музыка университетінің ректоры Диана Мошпен кездесуі барысында екі мекеме арасындағы өзара іс-қимылды жандандыру перспективалары талқыланды және музыкалық жобаларды бірлесіп іске асыруға, студенттер мен профессорлық-оқытушылық құраммен алмасуға қосымша серпін беруге бағытталған ынтымақтастық туралы жаңа меморандумға қол қойылды.
Сонымен қатар, румын тарапы 19 ғасырдағы қазақтың дәстүрлі музыкасының ұлы өкілі, "Ұлы даланың Бетховені" - Құрманғазы Сағырбаевтың шығармашылығымен танысты, оның өмір сүру кезеңі қазақ мәдениетінің, поэзиясы мен музыкасының гүлдену кезеңі болып саналады.
Сонымен қатар, ректор Арман Жүдебаев TVR ұлттық румын теледидарына сұхбат берді, онда консерваторияның қызметі және отандық музыкалық мәдениеттің дамуы туралы әңгімеледі.