
2020 жылғы 14 желтоқсан, Бухарест - Бүгін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 29 жылдығын мерекелеуге орай бейнеконференция форматында дөңгелек үстел өтті, оған Румыния Үкіметінің, бизнес және сарапшылар топтарының, БАҚ өкілдері, сондай-ақ Қазақстанның Румыниядағы студенттік қоғамдастығы қатысты.
Өз сөзінде Елші Нұрбах Рүстемов Қазақстан халқының бірлігі мен үйлесімділігін білдіретін алдағы мерекенің маңыздылығын атап өтті. Атап айтқанда, Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қазіргі Қазақстанның қалыптасуындағы маңызды рөлі атап өтілді.
Сонымен қатар, Елші Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың қоғамды жаңғыртуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған қоғамдық-саяси және экономикалық реформалар, сондай-ақ COVID-19 пандемиясының салдарымен күресу үшін Үкімет қабылдаған тиімді шаралар туралы хабардар етті.
Сонымен бірге, өткен жылдың қорытындылары шығарылып, Абай бюсті мен Нұр-сұлтан саябағының ашылуы, үкіметаралық комиссияның 15 - ші отырысы, экономика, мәдениет, білім және экология министрлерімен, Парламент, Президент Әкімшілігі менг Премьер-Министр Кеңсесінің басшылығымен екіжақты кездесулер сияқты достық Қазақстан-Румыния қатынастарының ең жарқын нәтижелері атап өтілді.
Іс-шара аясында дөңгелек үстелге қатысушылар арасында пікір алмасу болды. Мәдениет министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Михай Фирика Президент Қ.Тоқаевты осы маңызды мерекемен құттықтай отырып, халқымызға табыс пен бақ-береке тіледі. Сондай-ақ, жан-жақты ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтіп, екі елдің игілігі үшін одан әрі жемісті өзара іс-қимылдың жалғасатынына сенім білдірді.
Сонымен қатар, Қазақстанның Румыниядағы Құрметті консулдары - "Energobit" компаниясының СЕО Штефан Гадола мен "Romar Group" компаниясының СЕО Эргин Хаджикалил және Іскерлік кеңес төрағасының орынбасары Сорин Кинде елдеріміз арасындағы тиімді сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың жалғасатынына үміт білдірді.
Бұдан басқа, Жерорта теңізі Парламенттік Ассамблеясының Елшісі Флорин Уркан мен "Smartlink Communications SRL" атқарушы директоры, сарапшы-саясаттанушы Раду Магдин 2021 жылы Қазақстан Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтетінін назар аудары, Қазақстанға болашақ табыстар мен игілік тіледі.