
2020 жылғы 9 желтоқсан, Бухарест қ. - Қазақстанның Бухаресттегі Елшілігінде Елші Нұрбах Рүстемовтың Румыния Мәдениет министрі Богдан Георгиумен және Румыния Мәдениет министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Михай Фирикэмен жұмыс кездесуі өтті. Келіссөздер барысында мәдениет саласындағы екіжақты ынтымақтастықты тереңдетудің жай-күйі мен перспективалары талқыланды.
Атап айтқанда, тараптар 2021 жылға арналған бірлескен іс - шаралар кестесін - "Абай Құнанбайұлы-Михай Эминеску" халықаралық поэзия фестивалін өткізу және Нұр-сұлтан қаласындағы Бухарест скверінде румын ақыны Михай Эминескудің бюстін орнату, сондай-ақ ақын еңбектерін қазақ тіліне аудару және Қазақстанда кітап шығару мәселелерін талқылады.
Кездесу соңында қазақтың ұлы ақыны және философы Абайдың 175 жылдығын мерекелеу құрметіне, сондай-ақ мәдени байланыстарды дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Б.Георгиуға Абай атындағы мерейтойлық медаль табыс етілді.