Парламентаралық дипломатияны тереңдетудің болашағы талқыланды

Парламентаралық дипломатияны тереңдетудің болашағы талқыланды

03.12.2020 - Бухарест. Қазақстанның Румыниядағы Елшісі Нұрбах Рүстемов ЕҚЫҰ ПА Вице-президенті, Румыния Парламентінің депутаты Виктор Паул Добремен кездесу өткізді.

Қазақстандық дипломат В.Добреге парламентаралық байланыстардың жай-күйі мен болашағы туралы, сондай-ақ Қазақстанда жүргізіліп жатқан қоғамдық-саяси реформалар туралы хабардар етті.

Сонымен қатар, сұхбаттасушылар Румыниядағы (2020 ж. 6 желтоқсан) және Қазақстандағы (2021 ж. 10 қаңтар) парламенттік сайлауға дайындық барысын талқылады.

Тараптар Қазақстан мен Румыния арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды арттырудың маңыздылығын атап өтіп, келесі жылы екіжақты іс-шаралар өткізу жоспарларын қозғады.