
"Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" ҚР Заңының 26 - бабы 1-тармағының 13-тармақшасына сәйкес орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алатын адамдар үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға (бұдан әрі-МӘМС) жарналарды мемлекет жүзеге асырады.
Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі egov.kz электрондық үкімет порталында шетелдік жоғары оқу орындарында оқитын студенттерді тіркеу бойынша сервис әзірледі.
Осылайша, МӘМС шеңберінде медициналық қызметтерді алу үшін egov.kz электрондық үкімет порталына жүгіну және "шетелде оқитын студенттерді тіркеу" бөлімінде растайтын құжатты (оқу орнынан анықтама) тіркеу қажет.