Қазақстандағы парламенттік сайлау - 2021

Қазақстандағы парламенттік сайлау - 2021

Ү.ж. 26 қараша, Бухарест қ. – бүгін Елші Нұрбах Рүстемовтің румындық жетекші БАҚ (Agerpess, Gandul, Nine o'clock және т.б.) өкілдерінің қатысуымен Қазақстандағы парламенттік сайлау тақырыбында онлайн баспасөз брифингі өтті, оны өткізу 2021 жылғы 10 қаңтарға жоспарланған.

Журналистер парламенттік сайлауды өткізуге дайындық барысымен, атап айтқанда, сайлауға қатысатын партиялардың тізімімен және әр сайлау кезеңінің ерекшеліктерімен танысты.

Өз сөзінде Елші саяси жаңғырту бойынша қабылданған шаралар туралы да хабардар етті. Атап айтқанда, көппартиялықты дамыту және Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріне азаматтық қатысуды кеңейту, парламенттік оппозиция институтын енгізу және әйелдер мен жастар үшін партиялық тізімдерге 30 пайыздық квота бөлу.

Сонымен қатар, қазақстандық дипломат Мемлекет басшысының "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" атты Қазақстан халқына Жолдауында тұжырымдалған еліміздің дамуының басым бағыттарын белгіледі.