Шахмат - спорт саласындағы қазақ-румын ынтымақтастығының жаңа бағыты

Шахмат - спорт саласындағы қазақ-румын ынтымақтастығының жаңа бағыты

Ағымдағы жылдың 7 қарашасында қазақ және румын жас шахматшылары арасында онлайн-достық кездесу өтті.
Іс-шараны Бухарестегі Қазақстан Елшілігінің бастамасымен Қазақстан мен Румыния шахмат федерациялары ұйымдастырды.
Әр елдің атынан 12 шахматшы қатысты: 12, 14 және 16 жасқа дейінгі категорияларда 2 ер бала және 2 қыздан.
Екі елдің шахмат сайысы біздің елдеріміздің өзара іс-қимылының дамуы мен нығаюына тағы бір үлес болды, сондай-ақ қазақ және румын жастарының арасында танысу мен достық қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік берді.
Бұл кездесу шахматты кеңінен насихаттауға септігін тигізері сөзсіз.
Нәтижесінде командалар екі турда тең ойнады.
Барлық 24 қатысушыға Rompetrol компаниясының демеушілігімен естелік сыйлықтар табысталды.