
ҚАУЛЫСЫ ПОСТАНОВЛЕНИЕ
___2020 жылғы 27 қазандағы__ №_61_
Нұр-Сұлтан қаласы город Нур-Султан
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 59 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
«1) Aнықтама болмаған жағдайда ҚР азаматтары болып табылмайтын және Қазақстан Республикасының аумағында тұруға ықтиярхаты жоқ жолаушыларды әуе кемесінің бортына отырғызуға жібермеуді;»;
«5. ҚР-ға келген азаматтар, Қазақстан Республикасының аумағында тұруға ықтиярхаты бар адамдар Анықтама болмаған жағдайда ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру үшін 7 тәулікке дейін карантиндік стационарға оқшаулауға жатады. COVID-19-ға зертханалық тексеру нәтижелерін алғаннан кейін COVID-19-ға теріс нәтижесі бар келген адамдарға осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес тиісті қолхат алына отырып, COVID-19-дың ықтимал симптомдары туралы түсіндіру жүргізіледі. COVID-19-ға оң нәтижемен келген адамдар инфекциялық стационарға жатқызылады.».
Қазақстан Республикасының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігері Е. Қиясов