Қазақстан-Румыния: екі елдің сауда және инвестициялық әлеуетін ашудағы жаңа қадамдар

Қазақстан-Румыния: екі елдің сауда және инвестициялық әлеуетін ашудағы жаңа қадамдар

2020 жылғы 29 қазанда екіжақты қарым-қатынастар тарихында алғаш рет сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Румыния үкіметаралық комиссиясының отырысы бейнеконференция форматында өтті.

Қазақстан тарапынан Үкіметаралық комиссияны ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев, румын тарапынан - Экономика, энергетика және іскерлік орта министрі Вирджил-Даниэль Попеску басқарды.

Келіссөздер қорытындысы бойынша ҮАК 15-ші отырысының хаттамасына қол қойылды, оның алдында өзара іс-қимылдың кең ауқымды мәселелері бойынша белсенді келіссөздер жүргізілді.
Атап айтқанда, IT, энергетика, қоршаған ортаны қорғау, жеңіл және ауыр өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы, білім беру, көлік және фармацевтика сияқты ынтымақтастықтың басым бағыттарын жандандыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Бұл ретте, сауда байланыстарын белсенді түрде кеңейтудің және өзара инвестицияларды тартудың ерекше маңыздылығы атап өтілді.