
27.10.2020 жыл - Бухарест. Қазақстанның Румыниядағы Елшісі Нұрбах Рүстемов Румыния Парламентінің Сенаторы Лучиан Ромашканумен кездесу өткізіп, оның барысында тараптар мәдени-гуманитарлық және сауда-экономикалық салалардағы қатынастарды кеңейту прогресі аясында парламентаралық байланыстардың даму перспективаларын талқылады.
Келіссөздер барысында екі ел парламенттерінің жаңа құрамы парламенттік сайлаудан кейін де біздің халықтарымыз арасындағы өзара тиімді достық қатынастарды белсенді дамыта беретін болады деген үміт білдірілді.
Келіссөздердің жеке тақырыбы ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы аясындағы ынтымақтастық болды. ЕҚЫҰ ПА-дағы румын делегациясының басшысы ретінде Л.Ромашкану Ұйымдағы жұмыс шеңберінде қазақстандық парламентарийлермен қарым-қатынасты жақсартуға қызығушылық білдірді.