Ұлы ақындардың мұрасы Қазақстан мен Румыния халқын жақындастырады

Ұлы ақындардың мұрасы Қазақстан мен Румыния халқын жақындастырады

Ү.ж. 13 қазанда Елші Нұрбах Рүстемов Румынияның мәдениет министрі Богдан Георгиумен кездесті, Кездесу барысында тараптар мәдениет саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мүмкіндіктерін талқылады.
Атап айтқанда, Елші сұхбаттасушыны қазақтың ұлы ақыны Абайдың өмірі мен шығармашылығымен таныстырды, сондай-ақ ү.ж. 10 қыркүйекте Бухарестте Абай бюстінің ашылуына қолдау көрсеткені үшін ризашылығын білдірді.
Тараптар Елшілікте концерттерді онлайн трансляциялау үшін ұйымдастыру мәселесін, сондай-ақ Ұлы румын ақыны Михай Эминескудің өлеңдер жинағын қазақ тіліне аудару және оларды Қазақстанда жариялау мүмкіндігін талқылады.
Сонымен қатар, тараптар тақырыптық музей көрмелері мен экспозицияларды өткізуге өзара қызығушылық танытты.