
Нұр-Сұлтан-Бухарест, 2020 жылы 7 қазанда «Қазақстан-Румыния» парламентаралық достастық топтарының жетекшілері арасында бейнеконференция форматында келіссөздер жүргізілді.
Іс-шара аясында Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытжан Ертаев пен Депутаттар палатасы төрағасының орынбасары Флорин Иордаке COVID-19 пандемиясы кезіндегі екіжақты қатынастардың жай-күйі мен даму перспективаларын егжей-тегжейлі талқылады.
Қазақстандық депутат көлік, логистика, фармацевтика, энергетика, агроөнеркәсіп кешені, туризм сияқты өзара қызығушылық тудыратын салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыруды бастауды ұсынды. Сонымен бірге, көпжақты парламенттік дипломатия арқылы сындарлы өзара іс-қимылды жалғастыруға және кеңейтуге дайын екендігі атап өтілді.
Сондай-ақ, Б.Ертаев румын тарапына қазақстандық студенттерді оралтуға көмек көрсеткені үшін алғысын білдірді.
Өз кезегінде Ф.Иордаке мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың қарқынды дамуын қанағаттанушылықпен атап өтті. Атап айтқанда, 2020 жылы Бухаресте Абай Құнанбайұлының бюсті ашылды, Клуж-Напокада мәдениет күндері және Констанцада қазақстандық кино күндері өтті.
Румыния депутаттары сонымен бірге еуропалық даму қорларын пайдалана отырып, жасыл энергетиканы дамытудағы өзара тиімді ынтымақтастықты жандандыруды ұсынды.
Депутаттар бейнеконференциялар форматында тұрақты келіссөздер жүргізу тәжірибесін жалғастыруға келісті.