Елші Нұрбах Рүстемов Румыния Мәдениет министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Михай Фирикэмен кездесті

Елші Нұрбах Рүстемов Румыния Мәдениет министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Михай Фирикэмен кездесті

Ү.ж, 23 қыркүйекте Елші Нұрбах Рүстемов Румыния Мәдениет министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Михай Фирикэмен кездесті.
Келіссөздер барысында мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты тереңдету перспективалары, сондай-ақ болашақ іс-шараларды өткізу кестесі талқыланды. Атап айтқанда, Қазақстанның кино күндерін, Наурызды, Абай Құнанбайұлы-Михай Эминеску халықаралық конференциясын және басқа да іс-шараларды (әртістердің өнер көрсетуі, көрмелер) өткізу жоспарлануда.
Тараптар тығыз өзара іс-қимылға өзара қызығушылық білдірді және осыған байланысты кездесуді екі елдің мәдениет министрліктері арасында бейне-конференция форматында өткізу мүмкіндігін қарастыруға уағдаласты.