Екі елдің арасындағы тиімді саяси диалог экономикалық ынтымақтастықтың дамуына оң ықпал жасауда. Румыния Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Еуропадағы негізгі сауда серіктесі.
2026 ж. қаңтар-мамыр айларында сауда айналымы 660,5 млн. АҚШ долларын құрады (экспорт – 607,5 млн., импорт – 52,9 млн.).
Алдыңғы мерзімдерде сауда айналымының көлемі:
- 2025 ж. - 2,79 млрд. (экспорт – 2,63 млрд., импорт – 160 млн.);
- 2024 ж. - 2,92 млрд. (экспорт – 2,78 млрд., импорт – 138 млн.);
- 2023 ж. - 2,87 млрд. (экспорт – 2,76 млрд., импорт – 112 млн.);
- 2022 ж. - 2,65 млрд. (экспорт – 2,5 млрд., импорт – 142 млн.);
- 2021 ж. - 1,569 млрд. (экспорт – 1,521 млрд., импорт – 48 млн.);
- 2020 ж. - 1,337 млрд. (экспорт – 1,263 млрд., импорт – 74 млн.);
- 2019 ж. - 1,828 млрд. (экспорт – 1,732 млрд., импорт – 96 млн.);
- 2018 ж. – 1,675 млрд. (экспорт – 1,497 млрд., импорт – 178 млн.);
- 2017 ж. - 992 млн. (экспорт – 925 млн., импорт – 67 млн.);
- 2016 ж. - 803 млн. (экспорт – 724 млн., импорт – 79 млн.);
- 2015 ж. – 1,4 млрд. (экспорт-1,34 млрд., импорт - 76 млн.).
ҚР экономикасына Румыниядан тікелей инвестициялардың жалпы түсімі 2005 жылдан 2025 жылға дейін 1,5 млрд АҚШ долларын құрады. Қазақстан, өз тарапынан, Румынияның ірі инвесторларының бірі болып табылады.
Сауда-экономикалық ынтымақтастықтың негізгі бағыттары энергетика, машина жасау, металлургия, көлік және логистика, сондай-ақ жеңіл өнеркәсіп болып табылады.
Қазақстанда румын капиталымен 40 заңды тұлғалар, филиалдар және өкілдіктер тіркелген (2026 г.). Румынияда қазақстандық капиталмен 56 заңды тұлғалар қызмет атқаруда.
2007-2009 жж. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ы «RomPetrol Group NV» компаниясын сатып алуы қазақ-румын экономикалық қатынастардың маңызды оқиғасы болды. Мәміленің арқасында, ҚМГ Еуропадағы екі мұнай өңдеу зауыттарына және мұнай өнімдерін тарату бойынша желілеріне (Еуропаның 8 елінде 1000-нан астам АЖҚС) қол жеткізді. Мәміле ЕО аймағындағы ҚР-дың ең ірі инвестициялық жобасы болып табылады.
2016 ж. қаңтардан бастап Бухарестте Румын-қазақстан Сауда-өнеркәсіптік палатасы қызмет атқаруда және оның мақсаттарына екі елдің іскерлік топтары арасында ынтымақтастықты дамыту және нығайту, сондай-ақ бірлескен экономикалық жобаларға қолғабыс көрсету және кеңес беру кіреді.
Қазіргі таңда ҚР-ның Клуж-Напока қаласында («Energobit» компаниясының Басқарма Төрағасы, Штефан Гадола) және Констанца қаласында (Румыния Ұлттық туризм қауымдастығының Бас хатшысы, Корина Мартин) Құрметті консулдықтары бар.