Меню

Страницы

Статья

Eкіжақты қарым-қатынастар

Жалпы мәлімет

 

1992 ж. 15 шілдеде Қазақстан Республикасы мен Румыния арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды.

1993 ж. қарашада Румынияның Қазақстан Республикасындағы Елшілігі ашылды.

2003 ж. қыркүйекте Қазақстан Республикасының Румыниядағы Дипломатиялық миссиясы ашылды.

2012 ж. наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Дипломатиялық миссия Елшілік болып қайта құрылды.

2021 ж. қыркүйектен бастап – Мадалина Лупу Румынияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.

2026 ж. 22  шілдеден бастап – Саинов Амангелді Ғазезұлы Қазақстан Республикасының Румыниядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.

Саяси қатынастар

Қазақстан Оңтүстік-Шығыс Еуропадағы түбегіндегі маңызды серіктестердің бірі ретінде Румыниямен қарым қатынастың дамуына айрықша көңіл бөледі.

Қысқа мерзім ішінде, екі елдер саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығында, сондай-ақ көпжақты әрекеттесуде айтарлықтай елеулі прогресске жетті.

Қазақстан мен Румыния үздіксіз саяси диалогты жүргізуде, екі елдің парламенттерінде «достық топтары» қызмет атқаруда. Екі елдер депутаттарының жылсайынғы кездесулері өткізілуде.

Екі ел БҰҰ, ЕҚЫҰ және басқа да халықаралық ұйымдар шеңберінде өз қимылдарын үйлестіруде. Румыния Қазақстанның 2010 жылдағы ЕҚЫҰ-дағы Төрағалығын және Астанадағы ЕҚЫҰ Саммитін, «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізуіне мен қатысуына, 2017-2018 жж. Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Тұрақсыз мүшелігіне және «Азия – Еуропа форумына» (АСЕМ) қосылуына қолдау білдірді.

Румыния 2017 жылы 10 мамырда Қазақстан мен ЕО арасындағы Кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы Келісім-шартты ратификациялады.

Жыл сайын екі елдің Сыртқы істер министрліктерінің саяси кеңесулері өткізілуде. Кеңестің соңғы отырысы 2022 ж. қарашада Астанада өткізілді.

Жоғарғы деңгейдегі сапарлар

1998 ж. қыркүйекте – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Румынияға ресми сапары.

1999 ж. қарашада – Румынияның Президенті Э.Константинескудың Қазақстанға ресми сапары.

2003 ж. қыркүйекте – Румынияның Президенті И.Илиескудың Қазақстанға ресми сапары.

2007 ж. қарашада – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Румынияға ресми сапары.

2010 ж. наурызда - Румынияның Президенті Т.Басескудың Қазақстанға мемлекеттік сапары.

2010 ж. желтоқсанда – Румынияның Президенті Т.Басеску Астанада ЕҚЫҰ саммитіне қатысу үшін Қазақстанға жұмыс сапармен келді.

Үкімет басшылар деңгейдегі сапарлар

2013 ж. маусымда - Румыния Премьер-министрі В.Понтаның Қазақстанға ресми сапары.

Сыртқы істер министрлер деңгейіндегі сапарлар

1992 ж. шілдеде – Румыния Сыртқы істер министрі А.Настаседің Қазақстанға ресми сапары. Осы сапар барысында Қазақстан мен Румыния арасындағы дипломатиялық қатынастар туралы хаттамасына қол қойылды.

2008 ж. қарашада – Румыния Сыртқы істер министрі Л.Команескудың Қазақстанға жұмыс сапары.

2017 ж. шілдеде – Екі елдің арасында дипломатиялық қатынастардың орнатылуына 25 жыл толуына және «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмеде Румыния Ұлттық күніне орай Румыния Сыртқы істер министрі Т.Мелешканудың Қазақстанға ресми сапары.

2023 ж. желтоқсан – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі М.Нұртілеудің Румынияға ресми сапары.

Дата публикации
17 февраля 2020
Дата обновления
11 августа 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
14 марта 2025
"Шетелде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру" бағдарламасы бойынша қаржылық көмек көрсету
Ақпарат
14 марта 2025
Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау
Ақпарат
14 марта 2025
Нотариаттық іс-әрекеттер жасау

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары