Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік өтуге визалар беру, олардың мерзімін ұзарту

Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі және шет елдердегі мекемелері көрсетеді.

Көрсетілетін мемлекеттік қызмет берушіге:

1) Көлемі 3,5х4,5 сантиметр түрлі-түсті немесе қара-ақ фотосуреті бар виза алуға арналған визалық сауалнама ( жүктеу). 

2) ҚР шет елдердегі мекемелерінде немесе ҚР СІМ-де виза ресімдеу кезінде ҚР ІІМ-де немесе ҚР СІМ-де тіркелген қолдаухаттың нөмірі және оны тіркеу күні (виза алушыға шақырудың нөмірін және берілген күнін шақырушы тарап хабарлайды), немесе алушылардың қолдаухаты.

3) Шет мемлекеттің жарамды дипломатиялық, қызметтік және шетелдік паспорты, не болмаса Қазақстан Республикасы осы қалыпта таныған және Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өтуге құқық беретін жеке басты куәландыратын өзге құжат (бұдан әрі – паспорт).

4) Консулдық алымды төлегенін растайтын төлем құжатының түпнұсқасы.

Төленген консулдық алымдардың сомасы қайтарылмайды (ҚР Салық кодексінің 629-бабының 7 тармағына сәйкес, 25.12.2017 N 120-VI нұсқа).

5) Виза санатына сәйкес қажетті қосымша құжаттар ( сілтеме). 

Көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап – 5 (бес) жұмыс күннен аспайды.

Соммасы -

Визаны рәсімдеу үшін консулдық алым мөлшері: 

– бір мәртелік виза (туристік және транзиттік визалардан басқа) – 75 еуро;

– көп мәртелік виза (туристік және транзиттік визалардан басқа) – 170 еуро;

– туристік бір мәртелік виза – 50 еуро;

– туристік көп мәртелік виза – 80 еуро;

– транзиттік бір мәртелік виза – 15 еуро;

– транзиттік көп мәртелік виза – 80 еуро;

- 

күн сайын (сәрсенбі, сенбі, жексенбі және мереке күндерінен басқа) сағат 09.30-дан 12.30-ға дейін

сенім телефонына хабарласыңыз: 0311071548 және/немесе E-mail: kazconsul.bucharest@gmail.com.

 

Дата публикации
22 апреля 2024
Дата обновления
27 июля 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
14 марта 2025
"Шетелде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру" бағдарламасы бойынша қаржылық көмек көрсету
Ақпарат
14 марта 2025
Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау
Ақпарат
14 марта 2025
Нотариаттық іс-әрекеттер жасау

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары