Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Румынияда саяхат жасап жүрушілер үшін қысқа нұсқаулық

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

Бұл жадынама ҚР-ның Румынияға шығатын азаматтарына арналған және шетелдегі саяхат кезінде қиындықтарға ұшырмау үшін жалпы қағидалар мен кеңестерді қамтиды.

Визалық сұрақтар:

  • Қазақстан мен Румыния арасында визалық режим қолданылады

Паспорттың жарамдылығы:

  • Паспорттың жарамдылық мерзімі сапар аяқталғаннан кейін кем дегенде 6 айға дейін жарамды болу керек..

Кедендік бақылау:

  • Румыния шекарасынан өткен кезде шетел азаматтары Еуропалық Одақтың және ұлттық заңнаманың талаптарына сәйкес кедендік бақылаудан өтеді.
     
    Кедендік декларациялау
    •Міндетті декларациялауға жататын заттар: 10 000 еуро немесе одан жоғары сомадағы ақша, құнды заттар, коммерциялық мақсаттағы тауарлар, мәдени құндылықтар, қару-жарақ және оқ-дәрілер.
    •Ірі көлемдегі қолма-қол ақшаны алып жүрген тұлғалар оның шығу тегін растайтын құжаттарды ұсынуы қажет.
     
    Елге әкелуге және шығаруға тыйым салынған заттар
     
    Тыйым салынған:
    •Есірткі және психотроптық заттар (рецептпен берілетін дәрі-дәрмектерден басқа).
    •Арнайы рұқсатсыз қару-жарақ және оқ-дәрілер.
    •Экстремизм, нәсілдік кемсітушілік немесе порнография элементтерін қамтитын материалдар.
    •Жалған және контрафакт өнімдері.
    •CITES конвенциясымен қорғалатын жануарлар мен өсімдіктер (арнайы рұқсатсыз).
     
    Кедендік шектеулерге жататын тауарлар:
    •Алкоголь және темекі өнімдері белгіленген нормалар шегінде.
    •Жеке пайдалану үшін арналған дәрі-дәрмектер (қалыпты мөлшерде).
    •Жануарлардан алынатын азық-түлік өнімдері (ЕО нормаларына сәйкес шектеулі мөлшерде).
     
    Сапарға шықпас бұрын Румыния кеден қызметінің ресми сайтында өзекті кедендік ережелермен танысу ұсынылады.

Медициналық сақтандыру:

  • Медициналық сақтандыру полисін сатып алуы сапар кезінде жазатайым оқиғадан сақтандыруға және сақтандыру жағдайы басталған кезде күтпеген медициналық шығындардан аулақ болуға мүмкіндік береді.

    «Туристі міндетті сақтандыру туралы»

Эпидемиялық ахуал:

  • Румынияға кіру кезінде арнайы санитарлық талаптар жоқ, бірақ саяхатшыларға қосымша шаралар енгізілуі мүмкін екенін ескере отырып, ресми денсаулық сақтау органдарының жаңартуларын бақылап отыру ұсынылады.

Қалыптасқан тәртіп нормалары:

  • Румынияда болған кезде Сізге оның заңдары қолданылады сіз оны қатаң сақтауға міндеттісіз, болу елінің заңдарын білмеу Сізді жауапкершіліктен босатпайды
  • Жалпы қабылданған этика мен мораль нормаларын ұстаныңыз, мінез-құлқыңызды қоршаған ортаға сәйкес реттеңіз, жергілікті әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерді сақтаңыз.
  • Шет тіліндегі негізгі сөздер мен сөз тіркестерін білу сіздің елде болуыңызды жеңілдетеді және оны жергілікті тұрғындар да құптайды.
  • Ел туралы қосымша ақпаратпен танысыңыз: саяси жағдай, климаттық жағдайлар, заңдар мен ұлттық дәстүрлер, қоғамдық және басқа жерлерде мінез-құлық ерекшеліктері.

Пайдалы ақпарат:

  • Румыния ішінде саяхат жасау

    Румынияда шоссе немесе жылдам жолдар көп емес, сондықтан автокөлікпен жол жүру ұзақ қашықтыққа шығуға үйренген шетел туристері үшін қиын болуы мүмкін. Елді мекендерде жылдамдық тәртібі 50 км/сағ. деңгейінде, ал автомагистральде 130 км/сағ. құрайды.

    Қысқа қашықтыққа пойызбен жол жүру – жақсы шешім болып табылады. Айтпақшы, Румынияда пойыздар біршама баяу жылдамдықпен жүреді.

    Ал, ұзақ қашықтыққа әуекөлікпен жолға жүру ең жақсы идея. Blue Air, Tarom, Wizz Air және Ryanair әуекомпаниялары Бухарест, Тимишоара, Клуж, Яссы, Бакэу және Констанца секілді қалаларды байланыстыратын ішкі рейстерді жүзеге асырады.

    Валюта

    Румыниядағы жергілікті валюта – лей (RON). Әуежайларда, вокзалдарда, сондай-ақ қалаларда валюта айырбастау орындары жеткілікті. Банк карточкасынан ақша алу үшін банкоматтарды оңай табуға болады, ондай кезде банк пайыздарының алынуы туралы ұмытпау керек.

    Интернет

    Румыния – әлемнің ең жылдам Интернеті бар елдердің бірі, сондықтан, туристер елге келгенде бұл туралы алаңдамаса болады. Румынияның ірі байланыс операторлары - Orange, Vodafone, Telekom және RCS & RDS. Wi-Fi желісі барлық қоғамдық жерлерде қол жетімді (кафе, мейрамхана, қонақүй, пойыз және т.б.).

    Төтенше жағдай болғанда кімге телефон шалу керек

    Румыниядағы жедел-жәрдем қызметінің жалғыз нөмірі – 112. Оған ақысыз және кез келген қалалық немесе мобильдік телефондар арқылы хабарласуға болады. 112-ге хабарласып, жедел-жәрдем, апаттан құтқару қызметі, полиция және өрт сөндіру қызметі секілді мекемелерден мамандандырылған көмек алуға болады.

    Сондай-ақ, медициналық көмек алу үшін мемлекеттік және жеке ауруханаларға баруға болады. Румыниядағы жеке ауруханалардың ірі желілері - MedLife, Regina Maria или Medicover. Румынияның қалаларында дәрігердің дәріқағазысыз қажетті дәрі-дәрмек алуаға болатын көптеген дәріханалар бар.

Шетелге оқуға, жұмысқа немесе тұрақты тұруға барған жағдайда

  • Құжаттарыңызды алдын ала заңдастыру немесе апостиль қою керек. Бұл, ең алдымен, білім туралы құжаттарға, АХАТ органдары берген куәліктерге, мүліктік қатынастарға және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелеріне қатысты құжаттарға қатысты.

Консулдық есеп туралы:

  • Оқу, жұмыс немесе тұрақты тұру мақсатында шет мемлекетке келген қазақстандық азаматтарға жақын жердегі қазақстандық дипломатиялық өкілдікте немесе консулдық мекемеде консулдық есепке тұру ұсынылады.
  • Консулдық есепке қою Қазақстанға бармай-ақ көптеген мәселелерді шешуге мүмкіндік береді (сайлау мен референдумдарға қатысу, паспортты ресімдеу, азаматтық хал актілерін тіркеу және т.б.), сондай-ақ болу мемлекетінде әскери іс-қимылдар, жаппай тәртіпсіздіктер, дүлей зілзалалар туындаған жағдайда сіздің эвакуацияңызды жеңілдетеді.

Құқық қорғау органдарымен ұсталған жағдайда сіздің іс-әрекетіңіз:

  • Күтпеген жағдайлар туындаған жағдайда (жергілікті құқық қорғау органдарының ұстауы, басқа адамдар тарапынан қорқыту, жол-көлік оқиғалары және т.б.) Сіз болу мемлекетінде қазақстандық консулдық мекеменің қызметкерімен кездесуді талап етуге құқығыңыз бар.
  • ҚР консулдық мекемесінің қызметкерлері болмаған кезде шет тілінде қандай да бір Хаттамаларға және өзге де құжаттарға қол қоймаңыз.

Сізге сәтті сапар тілейміз!

 

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары