10 қыркүйекте бейнеконференция режимінде НАТО-ның серіктес елдері миссияларының басшыларымен Бейбітшілік үшін әріптестікті жоспарлау және шолу үдерісі (Partnership for Peace Planning and Review Process) туралы отырыс өтті. Қазақстанның НАТО-мен ынтымақтастығы 1994 жылы қол қойылған Бейбітшілік жолындағы серіктестіктің негіздемелік құжатына негізделген. Қазақстандық миссия басшысы өз сөзінде біздің НАТО-мен ынтымақтастығымыздың Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бітімгершілік әлеуетін арттыруға бағытталғанын атап өтті.
