Қазақстан мен ЕО энергетика, көлік және экология саласындағы ынтымақтастықты күшейтуде

Қазақстан мен ЕО энергетика, көлік және экология саласындағы ынтымақтастықты күшейтуде

Брюссель, 2025 ж. 5 наурыз - ҚР Энергетика Вице-министрі Еран Ақкенженовтың төрағалығымен Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақтастық шеңберінде Энергетика, көлік, қоршаған орта және климаттың өзгеруі жөніндегі кіші комитеттің 8-ші отырысы өтті.

Отырыс жұмысына Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақтың мемлекеттік органдарының өкілдері қатысты. ЕО делегациясы атынан Еуропалық сыртқы іс-қимыл қызметінің Орталық Азия бөлімшесі басшысының орынбасары Андреа Росси қатысты.

Кездесу барысында тараптар 2022-2024 жылдарға арналған тұрақты шикізат, аккумуляторлар және «жасыл» сутектің құн тізбегі және жол картасы саласындағы стратегиялық әріптестік туралы ҚР мен ЕО арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандумның табысты іске асырылуын атап өтті, жаңартылатын энергия көздері, сутегі технологиялары және энергия тиімділігін арттыру, сондай-ақ көлікті дамыту саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.

ҚР Энергетика Вице-министрі Еран Ақкенженов өз сөзінде Қазақстан Еуропалық Одақты энергетикалық ауысу жөніндегі стратегиялық бастамаларды іске асыруда, олардың негізгі әріптестерінің бірі ретінде қарастыратынын атап өтті. Жоғары технологиялық қуаттарды, тұрақты жеткізу тізбектерін құру, жасыл технологияларды енгізу және шикізатты терең өңдеу, жаңартылатын энергетика және өндірісті оқшаулау жобаларына инвестициялар тарту бойынша бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.

Қатысушылар Еуропа мен Орталық Азия арасындағы көліктік өзара байланысты нығайтудың маңыздылығын атап өтіп, Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту жөніндегі үйлестіру платформасының іске қосылуын құптады. Көлік инфрақұрылымын жаңғырту, логистикаға цифрлық шешімдерді енгізу және стандарттарды үйлестіру мәселелері талқыланды, бұл жүктердің саудасы мен транзитін жеңілдетуге мүмкіндік береді.

«Жасыл энергетика» саласында қазақстандық тарап 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу ниетін растады және климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі жобаларды дамытуда ЕО қолдауын жоғары бағалады елде.

Су ресурстары саласында қазақстандық тарап Еуропалық Одақпен ынтымақтастықты тереңдетуге, озық технологияларды енгізуге, суды үнемдеуге инновациялық тәсілдерді әзірлеуге және су шаруашылығын басқару жүйесін жетілдіруге дайын екендігін білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бірлескен бастамаларды іске асыру және тұрақты инфрақұрылымға, энергетикаға және экологиялық жобаларға инвестицияларды жұмылдыру жөніндегі нақты шаралар туралы уағдаласты. Олар екіжақты өзара іс-қимылды нығайтуды жалғастыруға міндеттемелерін растады, сондай-ақ тұрақты даму саласындағы және үздік тәжірибелермен алмасудың маңыздылығын атап өтті.

ҚР – ЕО Энергетика, көлік, қоршаған орта және климаттың өзгеруі кіші комитетінің кезекті 9-шы отырысы 2026 жылы Астана қаласында өтеді деп жоспарланған.

Анықтама үшін: Еуропалық одақ ҚР-дың негізгі сауда және инвестициялық серіктесі болып табылады. ЕО үлесіне қазақстандық сыртқы сауданың және жинақталған шетелдік инвестициялардың жартысына жуығы тиесілі. Қазақстан Республикасы көптеген жылдар бойы Еуропалық одақтың энергетика саласындағы сенімді серіктесі болып табылады, оның мұнай импортының шамамен 10% қамтамасыз етеді.

Қазақстанның ЕО елдерімен тауар айналымы 2024 жылы 48,7 млрд., экспорт-38,1 млрд., импорт-10,6 млрд. (+36,7%) құрады. 2024 жылдың үш тоқсан көрсеткіші бойынша ЕО елдерінен Қазақстанға тікелей инвестициялар ағыны 6,4 млрд. АҚШ долл. құрайды.